Түркия мен Грекиядағы жер сілкіністері табиғи апаттардан қорғану қажеттігін тағы бір мәрте көрсетті. Грекияның Санторини мен Аморгос аралдарында 13 000-нан астам жер асты дүмпуі тіркеліп, 11 мыңнан астам адам аралдан көшуге мәжбүр болды. Билік жанартау белсенділігі мүмкін екендігін мәлімдеді, ал Түркия билігі ықтимал цунами мен жер сілкіністеріне дайындық шараларын күшейтуде. Бұл елдерде қауіпсіздік шаралары арттырылып, табиғи апаттардан халықты қорғаудың маңыздылығын айқындап отыр.
Қазақстанда 2024 жылдың қаңтар, наурыз және қараша айларында болған жер сілкіністері мүлікті сақтандыруға деген қысқамерзімді қызығушылықтың өсуіне себеп болды. Алайда, жер асты дүмпулері үнемі қайталанатынына қарамастан, елімізде табиғи апаттардан сақтандыру кең таралмаған. Қазіргі уақытта жер сілкіністерінен сақтандырумен халықтың небәрі 5–7%-ы ғана қамтылған, бұл -апат болған жағдайда тұрғындардың басым бөлігі қаржылық қолдаусыз қалады деген сөз. Мұндай жағдай елеулі экономикалық зардаптарға әкелуі мүмкін.
«Сақтандыру деңгейінің төмен болуының басты себептері -сақтандырудың мүмкіндіктері туралы ақпараттың жеткіліксіздігі мен қаржылық шешім қабылдаудағы сақтық. Ал халықаралық тәжірибе, мысалы, Жапониядағы 2011 жылғы жер сілкінісі мен цунамиден кейін, сақтандыру халықтың өмірі мен экономиканың тез қалпына келуіне зор ықпал еткенін көрсетеді», -деді Nomad Insurance сақтандыру компаниясының PR бөлімінің жетекшісі Шакир Иминов.
Реттеуші орган мен сақтандыру нарығы тарапынан жүргізіліп жатқан белсенді жұмысқа қарамастан, жағдай өзгеріссіз қалуда. Қазақстан -сейсмикалық қауіпті аймақта орналасқан, жер сілкіністері бола береді. Күшті зілзала болған жағдайда сақтандыру төлемін халықтың тек аз ғана бөлігі алады, бұл өз кезегінде көпшілік үшін елеулі қаржылық тәуекелдерге алып келеді.
Nomad Insurance жеке қауіпсіздікке жауапкершілікпен қарауға шақырады. Бұған дейін компания катастрофалық тәуекелдер бойынша қайта сақтандыру лимитін 20 млрд теңгеге дейін ұлғайтты, бұл клиенттерге сенімді қорғау ұсынуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, компания сақтандыру секторының тұрақтылығын арттыру бойынша ұсыныстар дайындап, мүлікті апаттардан сақтандыруға арналған тиімді өнімдерді әзірлеуге ықпал етуде.
Міндетті апаттық сақтандыруды енгізу бойынша белгісіздік жағдайында, Nomad Insurance клиенттерге «Комфорт» атты өнімді ұсынады. Бұл полис таңдалған тәуекелдерді қамтып, жеке қажеттіліктерге сай сақтандыру шешімін жасауға мүмкіндік береді. Полис жер сілкінісі, өрт, табиғи апаттар, газ жарылыстары мен бөгде тұлғалардың заңсыз әрекеттері сияқты катастрофалық тәуекелдерді жабады. Сақтандыру құны жоғары емес және мүмкін болатын шығындардан әлдеқайда арзан. Бағасы 30 млн теңге тұратын пәтер үшін орташа сақтандыру құны -жылына 50 000–55 000 теңге. Бұл -мүлкіңізді қорғау үшін ақылға қонымды баға.
Қосымша ақпарат алу үшін www.nomad.kz сайтына кіріңіз немесе 2233 нөміріне қоңырау шалыңыз.