Артқа оралу
Изображение новости

«Nomad Insurance» СК ресми мәлімдемесі

13 наурыз, 2025, 15:12

«Nomad Insurance» СК» АҚ Сіздің назарыңызды интернетте клиенттерді алдау үшін біздің компанияның атын заңсыз пайдаланатын алаяқтардың жалған сайттары пайда болғанына аударады.

Бұл ресурстар «Nomad Insurance» сақтандыру компаниясының атын заңсыз қолдана отырып, тұтынушыларды алдап,біздің компанияға ешқандай қатысы жоқ қызметтерді ұсынады.

Біз клиенттерімізге сақтандыру компаниясын таңдауда ерекше мұқият болуды және кез келген қаржылық операцияны жасамас бұрын сайттың түпнұсқалығын тексеруді қатаң түрде ұсынамыз.Біздің компанияның ресми веб-сайты www.nomad.kz. Барлық өзекті ақпарат пен ұсыныстар тек осы арна арқылы қолжетімді.

Егер сізде күмән туындаса, 2233 ресми тегін нөміріне хабарласып,ақпараттың шынайылығына көз жеткізуіңізді сұраймыз.

Компания алаяқтықтың алдын алу және клиенттердің мүддесін қорғау үшін барлық қажетті шараларды қабылдайды.

Бөлісу