Артқа оралу
Изображение новости

Nomad Insurance Apple, Samsung және Toyota серіктесі IBM тәуекелдерін қайта сақтандыруға қатысады

6 ақпан, 2025, 17:20

Nomad Insurance әлемдегі ең ірі технологиялық компаниялардың бірі -IBM Corporation мүліктік тәуекелдерді жабумен байланысты қайта сақтандыру бағдарламасына қатысады.

IBM (International Business Machines Corporation) -ақпараттық технологиялар саласындағы жаһандық көшбасшы, бағдарламалық және аппараттық қамтамасыз етуді, бұлттық шешімдерді, деректер аналитикасын және жасанды интеллектіні әзірлеуге маманданған. Компания сондай-ақ консалтинг пен бизнес-технологияларды қоса алғанда, кең ауқымды IT-қызметтерін ұсынады.

IBM Apple, Samsung, Toyota, Cisco, PwC және т.б. сияқты әртүрлі салалардағы әлемдік алыптармен белсенді жұмыс істейді. Бұл компаниялардың көпшілігі бизнес-процестерді оңтайландыру, қауіпсіздікті жақсарту және жаңа технологияларды енгізу үшін IBM шешімдерін пайдаланады.

Сақтандыру бағдарламасы бірқатар аумақтарды қоспағанда, IBM мүлкінің жаһандық деңгейде физикалық жоғалу немесе бүліну тәуекелдерін қамтиды. Қамту әлемнің көптеген елдерінде, соның ішінде Америка, Еуропа, Азия, Африка және Австралияда, ерекше жағдайлары бар аумақтарды қоспағанда қолданылады.

«Nomad Insurance компаниясының осы жобаны қайта сақтандыруға қатысуы оның күрделі сақтандыру тәуекелдерін басқарудағы жоғары сенімі мен сараптамасын айқындайды. Біз сапа мен инновацияның эталоны болып табылатын әлемдік көшбасшылармен ынтымақтастығымызды мақтан тұтамыз», – деп мәлімдеді Nomad Insurance PR директоры Шакир Иминов.

Бұған дейін Nomad Insurance қайта сақтандыру бойынша өз клиенттері арасында әйгілі компаниялар мен брендтерді, соның ішінде аңызға айналған инвестор Уоррен Баффетке тиесілі Berkshire Hathaway Specialty Insurance (BHSI) сақтандыру компаниясын, сондай-ақ HP, Apple, Johnson & Johnson, Coca-Cola, Bosch және басқа да компанияларды атап өткен болатын.

Сонымен қатар, біздің тәуекелдерімізді қайта сақтандыруды Lloyd's Syndicates (А+), Chubb European Group Limited (АА), Hannover Re (АА–), Polish Re (A-), Allianz Global Corporate & Specialty SE (АА), Tokio Marine (АА-) және Scor (А+) сияқты жетекші әлемдік компаниялар қамтамасыз етеді. Олардың қатысуы Nomad Insurance компаниясына деген жоғары сенім деңгейін көрсетіп, біздің халықаралық деңгейдегі тұрақтылығымыз бен сенімділігімізді растайды.

Бөлісу