Артқа оралу
Изображение новости

«Nomad» сақтандыру тобы позицияларын нығайтуда: жарғылық капитал 15,5 млрд теңгеге ұлғайтылды

17 ақпан, 2025, 17:20

Қосымша қаражат топтың халықаралық деңгейде жұмыс географиясын кеңейтуге мүмкіндік береді.

«Nomad» сақтандыру тобының екі компаниясының -«Nomad Insurance» сақтандыру компаниясы мен «Nomad Life» өмірді сақтандыру компаниясының жарғылық капиталы 15,5 млрд теңгеге ұлғайтылды. Бұл қаражаттың ішінде «Nomad Insurance» капиталы 5 млрд теңгеге, ал «Nomad Life» капиталы 10,5 млрд теңгеге артты.

«Жарғылық капиталдың ұлғаюы -бұл біздің компанияларымыздың болашағына салынған инвестиция ғана емес, сонымен қатар сенімділік пен қызмет сапасының жоғары стандарттарына бейілділігіміздің айғағы. Бұл «Nomad» сақтандыру тобының сақтандыру нарығындағы позицияларын әрі қарай нығайтуға және клиенттер мен серіктестер тарапынан сенімділік деңгейін арттыруға деген ұмтылысын білдіреді», -деп атап өтті «Nomad» сақтандыру тобының акционері Алмас Мыңбаев.

Бұл стратегиялық шешім топтың қаржылық тұрақтылығын нығайтуға және мүмкіндіктерін кеңейтуге бағытталған. Қосымша қаражат тәуекелдерді өз бетінше ұстау деңгейін арттыруға, ағымдағы нарықтардағы позицияларды күшейтуге және халықаралық ауқымда кеңеюді жалғастыруға жол ашады.

«Nomad» сақтандыру тобы өз портфелін қайта сақтандырудың икемді әрі тиімді жүйесімен танымал, бұл компанияның жоғары қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз етеді.

2025 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша сақтандыру тобының активтері 482,9 млрд теңгені, резервтері -385 млрд теңгені, ал меншікті капиталы 51,4 млрд теңгені құрады.
2024 жылдың қорытындысы бойынша «Nomad» сақтандыру тобы 300 млрд теңге сақтандыру сыйлықақысын жинап, бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда 67%-дан астам өсімді көрсетіп, Қазақстандағы сақтандыру топтары арасында (жалпы сақтандыру және өмірді сақтандыру компанияларын қоса есептегенде) екінші орынды иеленді.

Бөлісу