Артқа оралу
Изображение новости

Өсімдік шаруашылығындағы сақтандыру: фермерлерді тәуекелдерден Nomad Insurance арқылы сенімді қорғау

4 ақпан, 2025, 17:20

Қазақстандық ауыл шаруашылығы өндірушілері енді өз өнімдерін топырақ ылғалдылығы индексі бойынша сақтандыру арқылы қорғай алады. Бұл сақтандыру өнімі https://www.kezekte.kz/ интернет-порталында қолжетімді, онда Qalqan Agroinsurance қызметі орналастырылған. Онлайн сақтандырудың ыңғайлы форматы 2020 жылдан бастап жұмыс істейді және жыл сайын көбірек фермерлер осы инновациялық тәуекелдерді басқару тәсілін таңдауда.

Бағдарламаның негізгі ерекшеліктерінің бірі -мемлекеттік қолдау: сақтандыру сыйақысының 80%-ын бағдарлама операторы -Аграрлық несие корпорациясы (АНК) субсидия түрінде төлейді. Бұл ауыл шаруашылығы өндірушілері үшін сақтандыруды қолжетімді және тиімді етеді.

Сақтандыру процесі толығымен автоматтандырылған және ашық. Ақпараттық жүйе топырақтағы ылғал деңгейін бақылау үшін спутниктік деректерді пайдаланады, бұл сақтандыру жағдайының басталғанын жедел түрде тіркеуге мүмкіндік береді.

Сақтандыруға дәнді дақылдар (бидай, арпа, жүгері, сұлы) және майлы дақылдар (күнбағыс, рапс, зығыр) қабылданады.

Фермер өз егістіктерін сақтандыру үшін Kezekte.kz порталына ЭЦҚ (электрондық цифрлық қолтаңба) арқылы тіркеліп, жеке кабинетке кіріп, өз алқаптарын таңдап, Nomad Insurance сақтандыру компаниясын таңдап, сақтандыру құнының 20%-ын төлеуі қажет, қалған сома субсидия есебінен жабылады.

Сақтандыру рәсімделгеннен кейін сақтанушыға топырақтағы ылғал деңгейін бақылауға арналған ыңғайлы құралға қол жеткізу беріледі. Жеке кабинет арқылы топырақтағы ылғалдылық деңгейін күн сайын бақылауға болады. Сақтандыру жағдайы (ылғалдың артықтығы немесе тапшылығы) туындағанда, жүйе клиентті автоматты түрде электрондық пошта арқылы хабардар етеді. Кейін өтемақы алу үшін ЭЦҚ арқылы өтінішке қол қою ғана қалады. Төлемдер 15 жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.

«Төлемдердің тұрақтылығын қамтамасыз ету және клиенттердің сенімін арттыру мақсатында Nomad Insurance компаниясы SWISS Re (Швейцария), XL Insurance Company SE (Франция), Liberty Mutual Insurance SE (Люксембург) және Assicurazioni Generali (Италия) сияқты ірі халықаралық қайта сақтандыру ұйымдарымен ынтымақтасады. 2024 жылы осы серіктестіктің арқасында Nomad Insurance фермерлерге жалпы сомасы 322,7 млн теңге көлемінде сақтандыру төлемдерін жүзеге асырды», – деді Nomad Insurance PR директоры Шакир Иминов.

Өсімдік шаруашылығындағы тәуекелдерді сақтандыру фермерлерге қолдау көрсетудің маңызды құралына айналуда, бұл шығындарды азайтуға және өндірістің тұрақтылығын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Бөлісу