Оңтүстік астана қазіргі уақытта ерекше тартымды. Таза ауа көз алдымызға таудың етегіндегі алуан түсті көріністерді ашады. Бұрын байқалмаған табиғат сұлулығы бүгінде қалалықтарға айқын көрінуде. Алайда, бунақденелілердің белсенділігі бұл көріністен толыққанды ләззат алуға мүмкіндік бермей отыр. Әлеуметтік желілерде ересектер мен балалардың денесіндегі кенелердің суреттерімен бірге шағу оқиғалары туралы жазбалар қаптап кеткен.
Баршамыз білеміз, кенелердің белсенді маусымы ауа райы ыстық әрі құрғақ күндер келгенде аяқталады. Алайда, коронавирус індетіне байланысты екі айға жуық карантинде отырған алматылықтар осы кезеңге түрлі іс-шаралар жоспарлап қойған еді: отбасы болып пикникке бару, табиғатта серуендеу, саңырауқұлақ теру, әр апта сайын тауға шығу және т.б.
Кенелер адам өмірі үшін қауіпті. Олардың шағуы мынадай ауруларға себеп болуы мүмкін:
- кене энцефалиті;
- кене боррелиозы (Лайм ауруы);
- кене эрлихиозы;
- конго-қырым қанды безгегі.
Кенеден қалай қорғануға болады?
Ең алдымен балаларға мұқият қарау қажет. Олардың нәзік әрі жұқа терісі кенелер үшін тартымды келеді.
Мамандар келесідей қауіпсіздік шараларын ұсынады:
- Қажет болмаса, малина, ольха, орман жаңғағы сияқты бұталар өсетін тығыз жерлерге кірмеңіз.
- Бұтақтарды жұлмаңыз – олардан кенелер сіздің үстіңізге түсуі мүмкін.
- Киім жабық болуы керек. Аяқты толық жабатын аяқ киім, шұлық, төменгі жағы резинкамен тартылатын шалбар киіңіз. Жоғарғы киім ұзын жеңді болсын. Басты жабатын бас киім де қажет, себебі кене ағаштан да түсіп кетуі мүмкін.
- Арнайы кенеге қарсы спреймен ашық тері бөліктері мен киімді өңдеңіз.
- Табиғатта жүргенде өзіңізді, балаларыңызды және үй жануарларын жиі қарап тұрыңыз
Ерекше назар ашық тері аймақтарына, шашқа және ірі қан тамырлары өтетін орындарға аударыңыз: мойын, шынтақ иіні, қолтық, тізе және шат аймағы.
Гүл мен бұтақтарды термеңіз, әсіресе оларды үйге алып келмеңіз. Кенелер солардың арасында жасырынып жүруі мүмкін.
Серуеннен кейін киімді мұқият шешіп, жуып немесе тығыз пакетке салып қойыңыз.
Эпидемиологтар кене энцефалитіне қарсы жоспарлы екпе алуға кеңес береді.
Сонымен қатар, сақтандыру полисін алу артықтық етпейді. Мысалы, «Nomad Insurance» компаниясы 4 адамнан тұратын отбасыға бар болғаны 500 теңгеге сақтандыру ұсынады. «Антиклещ» полисі кене шағуынан туындайтын бірқатар аурулар анықталған жағдайда 500 мың теңгеге дейінгі шығындарды өтейді.