«МІНСІЗ!» Халық сапа белгісінің иегері атанған 15 компания.
2020 жылы «НОМАД Иншуранс» сақтандыру компаниясы бесінші рет халықтың сеніміне ие болды. Компания «Тұтынушылар Лигасы ұсынады» белгісімен марапатталды.
Лигасы Ассоциациясының тәуелсіз зерттеулері негізінде анықталады. Тұтынушылар Лигасының президенті Светлана Романовскаяның айтуынша, жыл сайын жеңімпаздардың қатары тарылып келеді – барлық компаниялар жоғары сапа деңгейін сақтап қала алмайды, сондықтан «Мінсіз» белгісі тек ең үздік компанияларға ғана табысталады. Жеңімпаздар Қазақстан Тұтынушылар
ҚҰТЛ мәліметінше, көрсетілетін қызметтердің кәсіби деңгейі мен сапасын анықтау мақсатында келесі зерттеулер жүргізілді: тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы компанияның сот-даулар тәжірибесіне талдау, сараптамалар, қоғамдық пікір сауалнамалары, тұтынушылар қоңыраулары арқылы сауалнама жүргізу, номинанттардың өнімін дәм татқызып көру, сондай-ақ «Романовскаямен абай болыңыз» жобасы аясында аккредиттелген және сертификатталған орталықтарда тауарды зерттеу жұмыстары.
«Қазақстан Тұтынушылар Лигасы» – коммерциялық емес, үкіметтік емес ұйым, ол Қазақстан аумағында ұсынылатын өнімдер, жұмыстар мен қызметтердің сапасына қоғамдық бақылау жүргізеді. Бұл ассоциацияда 28 жыл бойы тұтынушылардың құқықтарын қорғаумен айналысып келе жатқан 60 мыңнан астам қызметкер мен 28 ерікті жұмыс істейді.
2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап Лигаға 12 986 азамат кеңес алу үшін жүгінген.
«Мінсіз!» халық сапа белгісінің иегерлері тізімі:
АҚ СК «НОМАД Иншуранс»
ЖШС «Меломан HOME VIDEO»
КСО «Тау Дастархан»
ЖШС «МПЗ БИЖАН»
АЖ «ПАРАГРАФ»
УЛП «DARIS-ТТЕ»
ЖШС «Аптека №2»
ЖШС «Emperum»
ЖШС «МК-Золото Ломбард»
БК «ON CLINIC INTERNATIONAL»
Қазақстан өндірістік компаниясы ZETA
ЖШС «КОМЕТА»
ЖШС «SIS NATURAL Kazakhstan» (YAN шырындары)
Exclusive Organic Food компаниясы
ҚБ «Қазақстан Пресс-клубы»