Артқа оралу
Изображение новости

"НОМАД Иншуранс" сақтандыру компаниясына "ВВ -" деңгейінде рейтингтер берілді, болжам - "Тұрақты"

20 желтоқсан, 2019, 14:33

S&P Global Ratings халықаралық рейтингтік агенттігі 17.12.2019 ж. "НОМАД Иншуранс" сақтандыру компаниясына — қаржылық тұрақтылық рейтингін және эмитенттің ұзақ мерзімді кредиттік рейтингін — "ВВ -" деңгейінде, болжам — "Тұрақты"берді.

"Үлкен үштіктің" рейтингтік агенттігінің сарапшыларының айтуынша, "Номад Иншуранс" ұзақ уақыт бойы тәжірибелі басшылар тобының басқаруында, тәуекелдерді басқарудың уақытпен тексерілген тәжірибесі және қаржылық міндеттемелерін орындау үшін өтімділіктің жеткілікті көлемі бар.

"НОМАД Иншуранс "СК" АҚ Басқарма Төрағасы Дәурен Иманжановтың айтуынша, S&P Global Ratings рейтингтік агенттігінің талдаушыларының қатысу тереңдігі таң қалдырады. Олардың Қазақстанның сақтандыру нарығын түсінуі мен кәсібилігі компанияның тиісті рейтингін растауға көмектесті. Рейтинг беру клиенттер мен серіктестердің дұрыс таңдауының дәлелі болып табылады, соның арқасында компания осындай деңгейге қол жеткізді,- деп есептейді Дәурен Иманжанов.

S&P Global Ratings сарапшыларының болжамы бойынша келесі жылы "Номад Иншуранс" сақтандыру компаниясы салыстырмалы ұйымдарға қарағанда жоғары операциялық көрсеткіштерді қолдай отырып, нарықтағы орнықты позицияларды сақтайды.

S&P Global Ratings халықаралық рейтингтік агенттігінің рейтингі тек ұйымдардың ғана емес, бүкіл мемлекеттердің қаржылық тұрақтылығын бағалаудағы маңызды критерий болып табылады. Бұл шетелдік инвесторлардың сеніміне негіз бола алады.

"НОМАД Иншуранс" СК " АҚ 2004 жылы құрылған және сақтандырудың 6 міндетті және 17 ерікті сыныбы бойынша сақтандыру қызметін, сондай-ақ қайта сақтандыру қызметін жүзеге асырады. 2019 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша компания ҚР жалпы сақтандыру нарығындағы ТОП-3-ке кіреді. Компанияның акционері - "НОМАД "Сақтандыру тобы" ЖШС.

Бөлісу