Артқа оралу
Изображение новости

HP бизнесті қорғау үшін Nomad Insurance компаниясын таңдады

22 қараша, 2024, 17:21

Nomad Insurance сақтандыру компаниясы Hewlett Packard (HP) технологиялық алыбымен тәуекелдерді қайта сақтандыру бойынша ірі мәміле жасалғанын қуанышпен хабарлайды. Бұл келісім Қазақстандық сақтандыру компаниясының халықаралық сақтандыру нарығындағы өсіп келе жатқан ықпалын тағы бір мәрте дәлелдеп, жаһандық корпорациялар үшін сенімді серіктес ретіндегі орнын нығайта түседі.

Аталған қайта сақтандыру HP үшін мүлікке келетін залалдар (ғимараттар, жабдықтар, қорлар) және қызметтің үзілуі (Business Interruption) секілді тәуекелдердің кең ауқымын қамтиды. HP қызметінің жаһандық ауқымын ескере отырып, полис бүкіл әлем бойынша жан-жақты сақтандыруды көздейді, тек жер сілкінісі мен су тасқынынан басқа. Полис сонымен қатар соғыс пен терроризм, киберқылмыстар және жұқпалы аурулармен байланысты тәуекелдерді қамтымайды.

HP Inc. -бұл 2015 жылғы 1 қарашада Hewlett-Packard компаниясының жеке компьютерлер мен принтерлер бөлімдерінен бөлініп шыққан америкалық технологиялық компания. Компания -жеке компьютерлердің, басқа да қолжетімділік құрылғыларының, баспа және бейнелеу өнімдерінің, сондай-ақ оларға қатысты технологиялар, шешімдер мен қызметтердің жетекші әлемдік жеткізушісі. HP жеке тұтынушылардан бастап, шағын және орта бизнеске, ірі корпорациялар, мемлекеттік мекемелер, денсаулық сақтау және білім беру ұйымдарына дейінгі кең ауқымды клиенттерге қызмет көрсетеді.

«Әлемдегі жетекші технологиялық компаниялардың бірі -HP-пен серіктестік орнатқанымызға өте қуаныштымыз. Бұл келісім -ірі халықаралық корпорацияларға күрделі сақтандыру шешімдерін ұсынудағы біздің мүмкіндіктерімізді дәлелдейді. Біз бұл әріптестік өзара тиімді әрі табысты болады деп сенеміз», -деді Nomad Insurance PR директоры Шакир Иминов.

Бөлісу