Бүгін, 2024 жылдың 5 қарашасында, сағат 10:01-де Алматы қаласында тағы да жер сілкінісі тіркелді. Бұл оқиға біздің қаламызға төніп тұрған шынайы қауіп-қатерді тағы да еске салды.
Қазақстанда, әлемнің сейсмикалық қауіпті аймақтарындағыдай, жер сілкіністері жиі кездеседі. Алайда, стихиялық апаттардан мүлікті сақтандыру әлі де болса халық арасында кең таралмаған. Бұл өте алаңдатарлық жағдай. Неге? Бұған себеп – халықтың қаржылық сауаттылығының төмендігі, сақтандыру компанияларына деген сенімсіздік және (қазіргі уақытта) төтенше жағдайлардан міндетті сақтандыру жүйесінің болмауы.
Ал халықаралық тәжірибе сақтандырудың жеке адамдар мен мемлекет үшін маңызды қорғаныс құралы екенін көрсетіп отыр. Мысалы, Жапония. 2011 жылғы жойқын жер сілкінісі мен цунами салдарынан кейін сақтандыру жүйесінің арқасында ел экономикасы мен халықтың өмірі қысқа мерзім ішінде қалпына келтірілді. Бұл елде күн сайын жер сілкінісі болады. Халық бұл қауіптен хабардар және өз мүлкін міндетті түрде сақтандырады.
Қазақстанның да сейсмикалық белсенді аумақта орналасқаны белгілі. Сондықтан болашақта да жер сілкіністері жалғаса бермек. Бірақ күшті жер сілкінісі орын алған жағдайда, елімізде сақтандыру төлемін халықтың тек 5-7%-ы ғана алады. Бұл көрсеткіштің басым бөлігін заңды тұлғалар құрайды. Яғни қалған халық қиын сәтте қаржылық қолдаусыз қалады деген сөз.
Nomad Insurance халықты жеке қауіпсіздікке жауапкершілікпен қарауға шақырады. Компания бұған дейін апаттық қауіптер бойынша қайта сақтандыру көлемін 20 миллиард теңгеге дейін арттырған болатын. Бұл өз клиенттеріне сенімді қорғаныс ұсынуға бағытталған қадам. Сонымен қатар, Nomad Insurance-тің аналитикалық тобы халықаралық тәжірибені зерттеп, апаттық қауіптерді басқару және сақтандыру секторының тұрақтылығын арттыру бойынша негізгі ұсыныстар әзірледі. Бұл мақалада АҚШ, Ұлыбритания, Түркия, Жапония, Жаңа Зеландия, сондай-ақ Еуропалық елдер – Румыния, Исландия және Францияның тәжірибесі ұсынылған. Бұл сараптама Қазақстан Үкіметіне тиімді сақтандыру өнімін әзірлеуде көмектеседі деп сенеміз.
Қазіргі таңда мемлекет Қазақстанда төтенше жағдайлардан міндетті сақтандыру жүйесін енгізіп жатыр – бұл апаттық қауіптерден қорғанысты күшейту мен халықтың мүддесін қорғау үшін қажетті әрі уақытылы шешім.
Бірақ нарықтағы ұсыныстардың ішінен дұрыс сақтандыруды қалай таңдауға болады?
Nomad Insurance сізге тиімді шешім ұсынады – сақтандырудың мөлдір әрі икемді шарттары арқылы өзіңізге қажетті нұсқаны таңдауға мүмкіндік береді.
«Біз «Комфорт» атты бірегей сақтандыру өнімін ұсынамыз, ол клиентке қажетті қауіптерді таңдап, жеке полис құруға мүмкіндік береді. Бұл полис жиі кездесетін қауіптерді қамтиды: су тасқыны, өрт, табиғи апаттар, жер сілкінісі, тұрмыстық газ жарылысы, үшінші тұлғалардың заңсыз әрекеттері. Бұл қауіптер барлық сақтандыру жағдайларының 97%-ын қамтиды. Сақтандыру құны аса жоғары емес және мүмкін болатын шығындармен салыстырғанда әлдеқайда төмен. Мысалы, құны 30 млн теңге тұратын пәтерді сақтандыру үшін орташа сақтандыру жарнасы 50 000 – 60 000 теңге», – деп атап өтті Nomad Insurance компаниясының PR-бөлімінің басшысы Шакир Иминов.