Артқа оралу
Изображение новости

Nomad Insurance Apple инновацияларын қайта сақтандырды

29 қазан, 2024, 17:22

Қазақстанның жетекші сақтандыру компаниясы Nomad Insurance әлемдік жартылай өткізгіш өндіруші – Taiwan Semiconductor Manufacturing Company, Ltd. (TSMC) компаниясымен тәуекелдерді қайта сақтандыру туралы келісімшарт жасалғанын хабарлады. TSMC – Apple, Qualcomm, AMD, Nvidia және басқа да алпауыттар үшін микрочиптер өндіретін әлемдік көшбасшы.

1987 жылы құрылған TSMC – интегралды схемалар өндірісі бойынша әлемдегі ең ірі кәсіпорын. Компания 1000-нан астам клиентке қызмет көрсетіп, жоғары өнімді есептеу жүйелері, смартфондар, автомобиль өнеркәсібі және цифрлық тұрмыстық техника сияқты салаларға 12 000-нан астам өнім шығарады.

Үндістандық брокер арқылы жасалған қайта сақтандыру келісімшарты аясында Nomad Insurance Тайвань аумағында орналасқан TSMC мүлкіне байланысты бірқатар тәуекелдерді өз мойнына алады. Бұл өндірістік желілерді, жабдықты, ғимараттарды және дайын өнімді қамтиды. Сақтандыру қорғауы өрт, жарылыс, табиғи апаттар салдарынан туындаған материалдық залалдан және өндірістің үзілуінен сақтайды. Сонымен қатар, жер сілкінісі, су тасқыны және дауыл сияқты табиғи катаклизмдерге байланысты тәуекелдер де қамтылған.

Мұндай ауқымды жобалар – Nomad Insurance компаниясының сақтандыру саласындағы алдыңғы қатарлы халықаралық іс-шараларға белсенді қатысуының нәтижесі. Жақында компания Германияның Баден-Баден қаласында өткен ең ірі қайта сақтандыру апталығына қатысып, әлемдік қайта сақтандыру қауымдастығының жетекші өкілдерімен бір алаңда болды. Бұл Nomad Insurance-ке жаңа даму мүмкіндіктерін табуға және серіктестік аясын кеңейтуге жол ашты, сондай-ақ Қазақстанның халықаралық сақтандыру/қайта сақтандыру нарығындағы орнын нығайтты.

«Әлемдік деңгейдегі компания – TSMC-пен серіктестік орнатуға мүмкіндік алғанымызға қуаныштымыз. Бұл компанияға сенімді сақтандыру қорғауын ұсыну – біз үшін үлкен мәртебе. Мұндай жобалар біздің кәсібилігімізді дәлелдеп, әлемдік нарықтағы позициямызды нығайта түседі», – деді Nomad Insurance PR директоры Шакир Иминов.

Бөлісу