Артқа оралу
Изображение новости

Қаржы жүйесін жаңғырту – қоғамдық прогрестің факторы

14 қараша, 2017, 09:00

2017 жылғы 14 қарашада «Нархоз» университетінде ҚР Ұлттық валютасы күніне арналған ғылыми конференция өтті. Негізгі тақырып – «Қазақстанның қаржы жүйесін жаңғырту – қоғамдық прогрестің факторы ретінде».

Спикерлер ретінде «Нархоз» университетінің ректоры Кшиштоф Рыбиньский, «Банк ЦентрКредит» директорлар кеңесінің мүшесі Ли Владислав Сединович, «Қаржы және статистика» кафедрасының меңгерушісі, профессор Интыкбаева Сәуле Жұмановна және «НОМАД Иншуранс» сақтандыру компаниясының Басқарма Төрағасы Иманжанов Даурен Қасымханович сөз сөйледі.

Даурен Қасымханович студенттерге сақтандырудың мемлекеттің қаржы жүйесіндегі маңыздылығы туралы, сондай-ақ қазіргі кезде жаңа мамандарды даярлаудың өзектілігі жайында айтып берді. Әр күні трендтер өзгеріп, табыс көбіне идеяның батылдығына байланысты болатын заманда – «жаңа қан», тың идеялар мен олардың сәтті жүзеге асырылуы аса қажет.

«Университеттерде қазірден бастап сақтандыру саласымен таныс мамандарды даярлау керек. Бұл салаға ұзақ жылдар бойы жеткілікті көңіл бөлінбей келді, ал берілетін ақпарат өте құрғақ әрі қысқа болды. «НОМАД Иншуранс» сақтандыру компаниясы халықтың қаржылық сауаттылығын арттыруға белсенді қатысып келеді. Біз үшін қазақстандықтардың сақтандырудың қалай жұмыс істейтінін түсінуі аса маңызды», – деп атап өтті Даурен Иманжанов.

Конференция соңында «НОМАД Иншуранс» компаниясы атынан сақтандыру нарығының дамуына арналған өзекті тақырыптар бойынша баяндама дайындаған студенттерге арнайы аталымдық сыйлықтар табысталды.

«НОМАД Иншуранс» компаниясы мен «Нархоз» университеті арасындағы әріптестік – халықтың қаржылық сауаттылығын арттыру және сақтандыру мәдениетін насихаттауға бағытталған әлеуметтік жобаның бір бөлігі болып табылады. Осылайша, осы жылдың қазан айында Даурен Иманжанов «Туран» университетінің студенттеріне лекция оқып, болашақ түлектерге мансап жолының негізгі кезеңдері туралы айтып, сақтандыру саласындағы жеке тәжірибесімен бөлісті және сақтандырудың елдің қаржы жүйесіндегі рөлі туралы баяндады.

Әлеуметтік жауапкершілік – «НОМАД Иншуранс» компаниясының саясатындағы маңызды бағыттардың бірі. Сондықтан біз университеттердің білім беру жобаларына әрдайым зор қуанышпен қатысамыз.

Біз көмектесу мен қолдау көрсетудің не екенін жақсы білеміз, өйткені біздің ұранымыз –

«Адамдар бір-біріне әрдайым көмектеседі!»

Бөлісу