Артқа оралу
Изображение новости

Nomad Insurance Johnson & Johnson компаниясының тәуекелдерін халықаралық деңгейде қорғайды

22 қазан, 2024, 09:01

Қазақстандағы жетекші сақтандыру компаниясы Nomad Insurance әлемдегі ең ірі косметика, санитарлық-гигиеналық өнімдер және медициналық жабдық өндірушілерінің бірі – Johnson & Johnson компаниясымен тәуекелдерді қайта сақтандыру келісімін мақтанышпен жариялайды.

Бұл келісім аясында Johnson & Johnson компаниясы барлық мүлік активтерін қамтитын кешенді қайта сақтандыруды алады. Оған ғимараттар, құрылыстар, өндірістік желілер, дәрілік заттар, санитарлық-гигиеналық өнімдер және медициналық жабдықтар кіреді. Сақтандыру қорғанысы өрттерден, жарылыстардан, табиғи апаттардан, өндірістік үзілістерден және жер сілкінісі, су тасқыны, дауыл сияқты табиғи катаклизмдерден туындайтын материалдық зиянды толық қамтиды.

Johnson & Johnson -әлемнің 250-ден астам еншілес компанияларын басқаратын американдық холдинг, оның қызметі Израиль, Ливан, Нигерия, Гана, Қазақстан және басқа да көптеген елдерді қамтиды.

“Johnson & Johnson-нан басқа, Bosch, Coca-Cola, әйгілі инвестор Уоррен Баффеттің Berkshire Hathaway Specialty Insurance (BHSI) және тағы басқа халықаралық брендтердің бізге сенім артқаны бізді өте қуантады және мақтан етеді. Бұл Nomad Insurance компаниясының дұрыс бағытта дамып, халықаралық компаниялар үшін сенімді серіктес ретінде өз орнын нығайтқанын дәлелдейді,” -деді Nomad Insurance PR директоры Шакир Иминов.

Бөлісу