Артқа оралу
Изображение новости

Nomad Insurance Coca-Cola тәуекелдерін қайта сақтандырады

16 қазан, 2024, 17:33

Coca-Cola HBC жыл сайын 2 миллиардтан астам өнім орамын сата отырып, әлемнің 28 елінде жұмыс істейді және 600 миллионнан астам адамды қамтиды. Компания газдалған сусындар, шырындар, ауыз су, спорттық және энергетикалық сусындар, дайын шай мен кофе секілді алкогольсіз сусындардың кең таңдауын ұсынады.

Nomad Insurance Coca-Cola HBC компаниясының Нигерия, Польша, Италия, Грекия және Венгрия сияқты негізгі аймақтардағы тәуекелдерін қайта сақтандырады. Бұл серіктестік Nomad Insurance-тың сенімділігіне деген жоғары сенімді білдіреді және компанияға халықаралық нарықтағы аясын кеңейтуге мүмкіндік береді.

«Coca-Cola компаниясының бізді тәуекелдерді қайта сақтандыру бойынша серіктес ретінде таңдағанына өте қуаныштымыз. Бұл серіктестік – біздің өсуіміз бен кәсібилігіміздің дәлелі. Біз танымал сусын өндіруші компанияға сенімді әрі тиімді сақтандыру шешімдерін ұсынып, олардың бизнесті табысты дамытуына көмектесе алатынымызға сенімдіміз», – деді Nomad Insurance компаниясының PR директоры Шакир Иминов.

Қазақстандағы жетекші сақтандыру компаниясы Nomad Insurance әлемдегі ең ірі сусын өндірушілерінің бірі – Coca-Cola HBC компаниясымен тәуекелдерді қайта сақтандыру туралы келісім жасасқанын хабарлады. Бұл келісім Nomad Insurance-тың жаһандық қайта сақтандыру саласындағы танымал брендтермен жұмыс істеу тәжірибесінің және әлеуетінің айтарлықтай өскенін көрсетеді.

Бөлісу