Қазақстандағы жетекші сақтандыру компанияларының бірі – Nomad Insurance, сақтандыру сыйлықақылары бойынша ТОП-3 және сақтандыру төлемдері бойынша ТОП-5 қатарына кіретін компания, апаттық қауіптер (стихиялық апаттар) бойынша қайта сақтандыру көлемін 20 миллиард теңгеге дейін арттырғанын хабарлады.
Соңғы уақытта ел бойынша болған жойқын су тасқындары мен көктемгі Алматыдағы жер сілкінісі апаттардан сенімді сақтандырудың маңыздылығын айқын көрсетті. Nomad Insurance бұл қауіп-қатерлерге сенімді жауап бере отырып, өз клиенттерінің қауіпсіздігіне деген адалдығын дәлелдейтін қадам жасап отыр – компания ірі тәуекелдерді қабылдау мүмкіндігін кеңейтіп, апаттар жағдайында қаржылық қорғауды күшейтуде.
Аталған шешім компанияның қаржылық тұрақтылығы мен сақтандыру төлемдерін уақытылы орындау қабілетін көрсететін Standard & Poor’s агенттігінің “BB+” халықаралық рейтингімен де расталып отыр. Осылайша, Nomad Insurance өз клиенттеріне кең ауқымды сақтандыру қызметтерін ұсынып, ірі тәуекелдерді қабылдай алады.
Бұған дейін компанияның қайта сақтандыру бойынша қорғанысы 12 миллиард теңгені құраған болатын. Қосымша 8 миллиард теңге көлеміндегі қайта сақтандыру мүмкіндігі Tysers брокерінің делдалдығымен, Ұлыбританиядағы беделді қайта сақтандырушы – Tokio Marine HCC London компаниясынан алынған.“Қайта сақтандыру көлемін арттыру арқылы біз клиенттерімізге күтпеген апаттар кезінде бұрынғыдан да сенімді қорғаныс ұсына аламыз деп сенеміз. Бұл шешім – біздің стратегиямыздың негізгі бөлігі. Оның мақсаты – клиенттеріміз қандай жағдайда болмасын өзін қауіпсіз сезінуі”, – деді Nomad Insurance компаниясының Басқарма төрағасы Даурен Иманжанов.