Артқа оралу
Изображение новости

"НОМАД Иншуранс" жарғылық капиталының көлемі тағы 1,2 млрд. теңгеге ұлғайды

15 тамыз, 2014, 17:13

2014 жылғы 7 тамызда және 13 тамызда Директорлар кеңесінің N25 және N27 хаттамаларына сәйкес "НОМАД Иншуранс" сақтандыру компаниясының жарғылық капиталының көлемі 1,2 млрд.теңге сомасына ұлғайтылды.

"НОМАД Иншуранс "СК" АҚ акцияларының 100% жалғыз иесі "Номад Сақтандыру тобы"ЖШС болып табылады.

Жарғылық капиталдың ұлғаюының арқасында тұтастай алғанда компанияның сенімділігіне кепілдік артады, "НОМАД Иншуранс"компаниясының одан әрі тұрақты және сенімді өсуіне негіз қаланады. Жарғылық капитал көлемінің өсуі ұзақ мерзімді даму жоспарлары мен "НОМАД Иншуранс"клиенттерін қаржылық қорғау туралы куәландырады.

Осылайша, 2014 жылдың қаңтар-тамыз айлары аралығында "НОМАД Иншуранс" жарғылық капиталы 1,7 млрд.теңге сомасына толықтырылды. 01.09.2014 жылғы жағдай бойынша төленген жарғылық капитал 3,8 млрд теңгені құрайды.

Компанияның активтері 2014 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша 19,4 млрд теңгені (104 миллион АҚШ долларынан астам) құрады. 2014 жылғы 01 тамыздағы жағдай бойынша меншікті капитал 6,4 млрд теңгеден астам (34 миллион АҚШ долларынан астам) құрады.ф

Бөлісу