Артқа оралу
Изображение новости

COVID-19 РЕЖИМІНДЕ БАЛАЛАРДЫ САҚТАНДЫРУ

14 қыркүйек, 2020, 12:35

Коронавирус біздің өмірімізге жамандықпен қатар, жақсылық та әкелді. Карантин кезінде адамдар қойылған міндеттерді шешудің жаңа жолдарын іздеп тауып қана қоймай, коронавирус ересектер мен балаларды гигиенаны қатаң сақтауға үйретті. Сақтандыру саласында да сақтандыру өнімдеріне деген қызығушылықтың артуы байқалады.
«Nomad Insurance» СК мамандарының мәліметінше, балаларды жазатайым оқиғалардан сақтандыру бойынша өтініштер саны артқан. Бұл қашықтан оқытуға байланысты, өйткені көптеген ата-аналар өздерінің ең қымбатты баласын өзіне сеніп тапсыруға мәжбүр болып отыр, дейді сақтандырушылар. Жұмыс істейтін ересектер балаларын қолдарына гаджеттер ұстатып, үйде жалғыз қалдыруға тура келеді. Бұрын біз балаларымыз үшін мұғалімдердің қарауында болған кезде алаңдасақ, қазір оларға деген қорқыныш бірнеше есе артты. Осы жағдайға байланысты көптеген адамдарды ерікті сақтандыру – балаларға арналған жазатайым оқиғалардан сақтандыру полисі қызықтырады.
Баланың денсаулығы мен қалыпты өсуі үшін әрдайым қозғалыста болуы қажет. Балаларға тән белсенділікке байланысты, ойын алаңында, дене шынықтыру сабағында, велосипед тебу кезінде және т.б. жазатайым оқиғалар орын алуы әдеттегі жағдай.
Жарақат алған балаға көмек көрсету үшін біз көбінесе мемлекеттік медициналық мекемелердің алғашқы көмегіне жүгінеміз. Алайда тәжірибе көрсеткендей, шығындардың басым бөлігі отбасылық бюджетке түседі. Мұндай жағдайда сізге «ЖО балалар» – ерікті жазатайым оқиғалардан сақтандыру көмектесе алады. Оның көмегімен балаңыз жарақат алып, медициналық көмек пен оңалтуды қажет еткен жағдайда қаржылық қиындықтардың алдын алуға болады.
«ЖО балалар» – балаларды жазатайым оқиғалардан сақтандыру жыл бойы тәулік уақытына қарамастан және балаңыз үйде болған кездің өзінде барлық жазатайым оқиғалар бойынша шығындарды жабуды қамтамасыз етеді. Ол 24/7 тыныштық сыйлайды, жазғы демалыс кезінде де қолданылады және 3 жастан 17 жасқа дейінгі балаларға арналған. Сақтандырушы ретінде ата-аналар да, сынып жетекшісі немесе мұғалім де бола алады.
Сақтандыру құны 1000 теңгеден басталады, мұнда сақтандыру сомасы – 200 мың теңге. Ең жоғарғы 3,5 млн теңге сақтандыру сомасы бар полис құны – 17 500 теңге. Бұл сақтандыру алғашқы сақтандыру жағдайынан кейін де күшін жоймайды. Полис бір жыл бойы жарамды және сақтандырушы сақтандыру сомасы толық таусылғанға дейін өтемақы ала алады.
Өтемақы жарақаттар кестесіне сәйкес әр ықтимал қауіп бойынша төленеді. Бұл ақпаратпен сіз сақтандыру полисін рәсімдеу кезінде таныса аласыз.

Бөлісу