Таяу Шығыстағы тұрақсыз ахуал мен әуе рейстерінің кідірісіне байланысты қазақстандық туристердің бірқатар араб елдерінде уақытша қалып қоюына мәжбүр болғандықтан, Nomad Insurance FUN&SUN Kazakhstan ірі туроператорымен бірлесіп өз клиенттеріне қолдау көрсетті.
Nomad Insurance-тың қолданыстағы (туристерді медициналық сақтандыру) полисімен ұшқан және ұшуға қойылған шектеулерге және бағыттардың өзгеруіне байланысты мәжбүрлі кідірісте қалып қойған барлық туристер сақтандыру өтелімінің қолданылу мерзімі автоматты түрде ұзартылды. Ұзарту қосымша өтініштерсіз және төлемдерсіз жүзеге асырылды және клиенттер Қазақстан Республикасы аумағына нақты қайтып оралғанға дейін әрекет етті.
«Бұндай жағдайларда сабырлық пен қолдаудың сенімділігі ерекше маңызды екенін түсінеміз. Nomad Insurance жағдайды мұқият бақылап, біздің клиенттеріміз сақтандыру талаптары шеңберінде консультацияны жедел алып, қажетті медициналық көмекті ұйымдастыру үшін сервистік компания (ассистанс) арқылы байланыста болды. Сонымен қатар, осы сапарларды жетектеген біздің негізгі туроператорымызды қолдағымыз келеді және де біз туындайтын мәселелерді жедел шешу әрі әрекеттерді үйлестіру үшін онымен тұрақты жұмыс байланысын сақтадық» деп Nomad Insurance Басқарма Төрағасы Даурен Иманжанов атап өтті.
Барлық туристер Қазақстанға аман-есен қайтып келгенін, сапарлар қауіпсіз аяқталып, ал клиенттер үйлеріне аман-сау қайтып келгені туралы компанияда хабарлады.