2026 жылдың 6 мамырында Nomad сақтандыру тобының құрамына кіретін «Nomad Insurance» Сақтандыру компаниясы» АҚ алғаш рет Moody’s Investors Service атты әлемдегі жетекші агенттіктердің бірінен инвестициялық сыныбының «Тұрақты» болжамымен «Baa3» деңгейіндегі қаржылық тұрақтылықтың халықаралық кредиттік бағасын алды. Рейтинг шетелдік те ұлттық валютада да үлестірілген.
Moody’s аналитиктері өз есебінде Nomad Insurance-тың қалыптасқан беделі мен Қазақстан Республикасының сақтандыру нарығындағы шамамен 10% үлесімен күшті нарықтық позицияларын, үш жыл (2023-2025 жылдар) ішіндегі капиталдың орта пайдалылығының 30%-дан жоғары болуын, консервативті инвестициялық стратегияны, әртараптандырылған сақтандыру портфелін, сондай-ақ мүлікті, жүктерді, туристерді, жазатайым оқиғаларды, жауапкершілікті сақтандыруды және сақтандырудың басқа да түрлерін қоса алғанда, негізгі бағыттар бойынша көшбасшылықты атап өтті.
Аналитиктер Nomad Insurance-тың активтерінің сапасына, тиімді қайта сақтандыру қорғанысына және тәуекелдерді басқарудың жетілген жүйесіне ерекше көңіл бөлді. Инвестициялық портфельдің шамамен 90%-ы инвестициялық деңгейдегі облигацияларға, негізінен Қазақстанның егеменді және квазимемлекеттік құралдарына орналастырылған. Кең филиалдық желісі мен бөлшек және корпоративтік клиенттермен жұмыс істеуінің арқасында Компания қаржылық тұрақтылықтың жоғары деңгейін көрсетіп, жетекші халықаралық және қазақстандық серіктестермен ынтымақтастықты дамытуға қосымша мүмкіндіктер ашады.
«Moody's-тен рейтинг алуымыз компанияны тек Қазақстанда ғана емес, одан тысқары жерлерде де оған сенетіндей құрып жатқанымызды растайды. Рейтинг – бұл финал емес, керісінше клиенттер үшін қосымша сенімділік, серіктестер үшін ортақ жобалар үшін жаңа мүмкіндіктер, ал біз үшін осы деңгейге күн сайын сай болу жауапкершілігі болатын біздің бизнес үлгіміздің және тәуекелдерді басқарудың дәрежесінің жаңа бастау нүктесі. Қазіргі кезде біз халықаралық нарықпен қатынастың жаңа дейгейіне өтудеміз және бір мезгілде әлемдік үздік тәжірибеге сай ынтымақтастық ұсына отырып біздің Қазақстандағы және ТМД-ғы серіктестеріміз үшін жаңа мүмкіндіктерді көбейтудеміз» деп «Nomad Insurance» СК» АҚ Басқарма Төрағасы Даурен Иманжанов атап өтті.
Сондай-ақ Moody’s Nomad Insurance-тың қаржылық нәтижелердің елеулі өсуіне ерекше көңіл аударды, мұнда капиталдың рентабельділігі 40%-ға жетіп, ал төлем қабілеттілігінің реттеушілік коэффициенті 2025 жылдың соңына қарай шамамен 250%-ды құрады. Сонымен қатар, есепте сейсмикалық тәуекелдерді қоса алғанда Қазақстан үшін өзекті ірі және апатты тәуекелдердің әсерін азайтуға мүмкіндік беретін Компанияның тәртіпке негізделген андеррайтинг саясатын атап өтті.
«Baa3» рейтингі — бұл Nomad тобының толыққанды халықаралық сақтандыру платформасына трансформациялануындағы маңызды кезең. Бұл ретте аталған рейтинг S&P Global Ratings агенттігі тарапынан бұған дейін Nomad Life сақтандыру компаниясына елдің егемен рейтинг деңгейіндегі «BBB-» рейтингі берілгенін толықтыра түседі. Сонымен қатар, Nomad бірден екі үздік халықаралық инвестициалық деңгейдегі рейтингтік агенттіктерден баға алған Қазақстандағы санаулы сақтандыру топтарының біріне айналды.
Nomad сақтандыру тобы тұрақты өсуді, жоғары кірістілік пен корпоративтік басқару мен тәуекелдерді басқарудың халықаралық стандарттарына сәйкестігін көрсететін, Қазақстанның ең серпінді дамушы және қаржылай тұрақты құрылымдарының бірі. 2025 жылдың нәтижелеріне сәйкес топтың сақтандыру сыйлықақыларының жиынтық көлемі шамамен 875 млн АҚШ долларын (шамамен 405 млрд теңге) құрды.