Қазақстандағы жетекші сақтандыру компаниясы Nomad Insurance Bosch компаниясының бүкіл әлем бойынша мүлікті қайта сақтандыру бағдарламасына қатысуын жариялайды.
1886 жылы Германияда Роберт Бош негізін қалаған Bosch компаниясы электро жабдықтарды жөндеу шеберханасынан әлемдік деңгейдегі технологиялар мен қызметтер жеткізушілерінің біріне айналды. Bosch компаниялар тобының әлем бойынша шамамен 429 000 қызметкері бар және жылдық табысы 91,6 миллиард еуроға (48,4 триллион теңгеге) жетеді. Bosch қызметі төрт негізгі салаға бағытталған: мобильділік, өндірістік технологиялар, тұтыну тауарлары және энергетика мен құрылыс технологиялары.
Қазақстаннан бөлек, Bosch компаниясының қайта сақтандыру тәуекелдері Германия, АҚШ, Қытай, Түркия, Үндістан, Венгрия және Чехия елдерінде де таратылады.
«Nomad Insurance Bosch қайта сақтандыру жобасына қатысқанына мақтанамыз. Бұл ынтымақтастық біздің жаһандық қайта сақтандыру стратегиямызды жүзеге асырудағы маңызды қадам болып табылады. Bosch компаниясының біздің кәсібилігімізге және қаржылық тұрақтылығымызға сенім артуы, сондай-ақ ірі халықаралық корпорацияларға жоғары сапалы сақтандыру шешімдерін ұсыну қабілетіміз біздің жетістігіміздің дәлелі болып табылады», -деді Nomad Insurance PR директоры Шакир Иминов.