Таиландтағы Пхукет аралында демалып жүрген қазақстандық Ироода Мир демалысының соңғы күнінде кенеттен ішінің төменгі оң жағында қатты ауырсыну сезіп, шұғыл түрде дәрігерге жүгінуге мәжбүр болды. Дәрігерлер оны аппендицитке күдікпен ауруханаға жатқызды. Медициналық тексеру диагнозды растады, және дәрігерлер дереу ота жасау туралы шешім қабылдады.
Ироода Пхукеттегі ең үздік клиникалардың бірі -Mission Hospital-да операция жасатты. Бұл клиника медициналық қызмет көрсету деңгейінің жоғарылығымен танымал. Мұнда ортопедия, травматология, хирургия (соның ішінде пластикалық), асқазан-ішек жолдары, тірек-қимыл жүйесі, неврология және басқа да салалар бойынша жоғары білікті көмек көрсетіледі.
Бақытына орай, Ироодада Nomad Insurance сақтандыру компаниясынан алынған полис болған. Осы полисінің арқасында ол қысқа мерзімде қажетті медициналық көмек алды. Ота мен анасының бірге елге қайту рейсін қоса есептегендегі жалпы шығын көлемі 5000 долларды (2,4 млн теңгені) құрады. Ал сақтандыру полисінің бағасы небәрі 6382 теңге болған. Клиника өкілдерінің айтуынша, егер пациентте сақтандыру болмағанда, дәл осындай операцияның құны 10 000 доллардан (шамамен 5 млн теңге) асар еді.
Ироода Мир -табысты кәсіпкер, блогер және екі баланың анасы. Ол Қытайдан тауар жеткізу саласында бизнесін дамытып, басқа кәсіпкерлерді оқытады. Өзінің Instagram парақшасында болған оқиғаны бөлісе отырып, былай деді:
«Nomad Insurance-ке қиын сәтте көмектескені үшін алғысым шексіз. Өз денсаулығым үшін уайымдаған жоқпын, себебі қаржылық мәселе туындамады. Ота сәтті өтті!» – деп бөлісті ол.