Nomad Insurance халықаралық тәуекелдер портфелін кеңейтіп, Amazon.com, Inc. мүлкін сақтандырумен айналысатын сақтандырушылар консорциумының құрамына енді. Сақтандыру тәуекелдері тікелей материалдық залалдан бастап, операциялық қызметтің үзілуі мен негізгі шартта көрсетілген басқа да қауіптерге дейін қамтиды. Жауапкершілік аумағы – бүкіл әлем.
Amazon платформасы бүгінде шамамен 310 миллион белсенді сатып алушыға қызмет көрсетеді және күніне 66 миллионға дейін тапсырысты өңдейді. Сондықтан сенімді сақтандыру қолдауы — жаһандық электрондық коммерция логистикасының үздіксіз жұмыс істеуі үшін шешуші фактор.
Шартқа Джефф Безос басқаратын корпорацияның барлық негізгі активтері енгізілді:– роботтандырылған қоймалар мен Prime Air дрон флоты, бұлтты инфрақұрылым – AWS, киностудия MGM, премиум супермаркеттер желісі Whole Foods Market және стримингтік платформа Prime Video. Бұл ауқымды қамту күн сайын алпыстан астам елде жүздеген миллион тұтынушыға қызмет көрсететін компанияның деңгейін көрсетеді.
1995 жылы онлайн-кітап дүкені ретінде басталған Amazon бүгінде Fortune 500 тізіміне кіреді және әлемнің түрлі нүктелерінде алпысқа жуық еншілес кәсіпорынды басқарады. Мұндай көлемдегі активтер үшін көп деңгейлі сақтандыру қорғанысы қажет, ал Nomad Insurance-тің осы процеске қатысуы Қазақстанның сақтандыру нарығының жаһандық қайта сақтандыру алаңындағы бәсекеге қабілеттілігін дәлелдейді.
«Amazon компаниясымен серіктестік — біз андеррайтинг пен қызмет сапасы бойынша ең қатаң халықаралық талаптарға сай екеніміздің тағы бір дәлелі. The Walt Disney Company, Apple және басқа да жаһандық брендтермен сәтті жобалардан кейін біз цифрлық экономиканың көшбасшылары үшін сенімді серіктес ретіндегі беделімізді нығайтып келеміз»,
— деп атап өтті Nomad Insurance компаниясының PR бағытының жетекшісі Шакир Иминов.
Nomad Insurance тәуекелдерді дәстүрлі түрде жоғары рейтингті серіктестерге орналастырады — олардың қатарында Lloyd’s Syndicates, Chubb, Hannover Re, Polish Re, Allianz, Tokio Marine, Scor және басқалары бар. Бұл қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз етіп, ірі міндеттемелерді жедел бөлуге мүмкіндік береді.
Amazon-мен жасалған келісім — компанияның high-tech, e-commerce және медиа-индустрия сегменттеріндегі халықаралық портфелін ұлғайту стратегиясының қисынды жалғасы.
Қосымша ақпарат алу үшін www.nomad.kz сайтына кіріңіз немесе 2233 нөміріне қоңырау шалыңыз.