Артқа оралу
Изображение новости

Nomad Insurance Қазақстан азаматының шетелде ауруханаға жатқызылуы мен отанына оралуын қамтамасыз етті

8 тамыз, 2024, 09:03

2024 жылғы 20 маусымда Египетте демалып жүрген қазақстандық турист Нұржан Берғалиев Шарм-эль-Шейх қаласындағы аквапаркте аяғынан жарақат алды. Оқиғадан кейін ол Nomad Insurance сақтандыру компаниясының Сервистік орталығына сол жақ тізе буынындағы қатты ауырсынуға шағымданып жүгінді.

Nomad Insurance компаниясының жедел әрекетінің арқасында Нұржан жергілікті ауруханаға жатқызылып, оған білікті медициналық көмек көрсетілді. Тексеру нәтижесінде дәрігер шұғыл ота жасауды ұсынды. Қазақстанда сатып алынған сақтандыру полисінің шарттарына сәйкес, Nomad Insurance бұл қымбат операцияның барлық шығындарын толықтай өтеді.

Операция сәтті өтті, турист ауруханадан шығарылды. Алайда шағын қиындық туындады: маусымдық жолаушылар ағынына байланысты Қазақстанға жақын күндері рейстер болмады. Демалыста Нұржанмен бірге әйелі мен үш кәмелетке толмаған баласы болғандықтан, сапарды кейінге қалдыру мүмкін болмады.

Nomad Insurance қызметкерлерінің үйлесімді жұмысының және Қазақстандағы ірі әуе компаниялардың бірі -SCAT Airlines-тің қолдауының арқасында, Нұржан Берғалиевке ұшақта барынша жайлы орын ұсынылды. 2024 жылғы 28 маусымда, операциядан кейін 8 күн өткен соң, ол отанына сәтті оралды.

«Қазақстан азаматына қажетті медициналық көмек көрсетіп, оны аман-есен еліне жеткізгенімізге қуаныштымыз. Әсіресе SCAT Airlines компаниясына алғысымыз шексіз – олар жедел әрекет етіп, зардап шеккен туристі Қазақстанға жеткізуге көмектесті. Бұл тағы бір рет дәлелдейді: Nomad Insurance – шетелге шығатын азаматтар үшін нарық көшбасшысы және біз әрқашан клиенттерімізге ең қиын жағдайларда да толық қолдау көрсетуге дайынбыз», – деп атап өтті Nomad Insurance компаниясының контент-маркетинг директоры Шакир Иминов.

Анықтама:

Nomad Insurance сақтандыру компаниясы 2004 жылдың қаңтар айында құрылған. «Жалпы сақтандыру» саласы бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін жүзеге асыру құқығына ие № 2.1.18 лицензиясы бар. Компания республикалық маңызы бар 3 қалада және Қазақстанның 17 облысында өкілдікке ие. Жыл сайын ISO 9001:2015 халықаралық сапа сертификатын сәтті растайды. Standard & Poor’s халықаралық рейтинг агенттігі берген рейтинг: BB+, болжам – «Тұрақты», ұлттық шкала бойынша несие рейтингі – kzAA.

Бөлісу