“Nomad Insurance” сақтандыру компаниясы жақында Сауд Арабиясының мемлекеттік тау-кен компаниясы Saudi Arabian Mining Company (Maaden)-ға Рас-эль-Хайрдағы (Сауд Арабиясы) алюминий зауытындағы электролизерлердің ақауынан келтірілген шығын үшін 59,3 млн теңге көлемінде өтемақы төледі.
Maaden – Сауд экономикасын дамытудағы негізгі ойыншы, фосфаттарды өндіру мен өңдеуге, сондай-ақ фосфат тыңайтқыштарын шығаруға маманданған компания. Сонымен қатар, бұл компания Рас-эль-Хайрдағы алюминий зауытының акционері болып табылады – бұл өңірдегі ірі алюминий өндірушілердің бірі, құрамына бокстит кен орны, глинозем зауыты және балқытқыш цех кіреді.
Сақтандыру оқиғасы 2022 жылғы 23 қарашада орын алды, онда сапасыз анодтар 280 электролизердің 5 аптаға тоқтауына себеп болды. Анодтардың жеткіліксіз күйдірілуі нәтижесінде олар бұзылып, істен шығып, электролиз үдерісін бұзып, жабдықтың жұмысында тұрақсыздық тудырды.
“Сақтандыру оқиғалары – кез келген бизнестің ажырамас бөлігі. Сондықтан “Nomad Insurance” сенімді сақтандыру қорғанысын ұсынып, бизнестің қиындықтарды жеңіп, өндірісті тоқтатпай әрі қарай дамуын қамтамасыз етеді, тек Қазақстанда ғана емес, шетелдерде де”, – деді “Nomad Insurance”-тың PR жетекшісі Шакир Иминов.