1 орын Үшінші тұлғаларға зиян келтіру қаупімен байланысты қызметпен айналысатын объектілер иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру бойынша
1 орын Міндетті туристік сақтандыру бойынша
1 орын Шетелге шығатын азаматтарды ерікті сақтандыру бойынша
1 орын Әуе көлігін иеленушілердің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін ерікті сақтандыру бойынша
1 орын Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру (КҚИ АҚЖ МС) бойынша
1 орын Жүктерді сақтандыру бойынша
1 орын Титулдық сақтандыру бойынша
1 место Міндетті экологиялық сақтандыру бойынша
NOMAD INSURANCE – ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ НЕГІЗГІ САҚТАНДЫРУ ТҮРЛЕРІ БОЙЫНША КӨШБАСШЫЛАРДЫҢ БІРІ
2024 жылғы 1 маусымдағы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің мәліметі бойынша, сақтандыру нарығының үш көшбасшысы – «Евразия» СК, «Халық» СК және Nomad Insurance – елімізде жиналған барлық сақтандыру жарналарының 63%-ын құрап, сенімді көш бастап келеді. Бұл үш компанияның жалпы жарна көлемі 195 млрд теңгені құрады, бұл клиенттердің жоғары сенімі мен сақтандыру нарығындағы танымалдылығын көрсетеді.
Ерекше назар аударатын компаниялар – Nomad Insurance пен «Халық» СК, олар сақтандырудың негізгі түрлері бойынша көшбасшылықты бөлісіп отыр.
Nomad Insurance келесі сақтандыру түрлері бойынша көш бастап тұр:
«Халық» сақтандыру компаниясы мына бағыттар бойынша көшбасшы:
«Евразия» сақтандыру компаниясы мына салаларда көш бастап тұр:
Анықтама:
Nomad Insurance сақтандыру компаниясы 2004 жылдың қаңтарында құрылған. «Жалпы сақтандыру» саласы бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін жүзеге асыруға арналған № 2.1.18 лицензиясы бар. Компания республикалық маңызы бар 3 қалада және Қазақстанның 17 облысында өкілдікпен ұсынылған. Компания жыл сайын ISO 9001:2015 халықаралық сапа сертификатын сәтті растауда. Standard & Poor’s халықаралық рейтинг агенттігінің дерегі бойынша: халықаралық деңгейдегі рейтингі – BB+, болжам – «Тұрақты», ұлттық шкала бойынша несиелік рейтингі – kzAA.