Артқа оралу
Изображение новости

Уоррен Баффет өз тәуекелдерін қазақстандық сақтандыру компаниясына сеніп тапсырды

17 маусым, 2024, 09:05

Nomad Insurance – халықаралық “BB+” рейтингіне ие Қазақстанның жетекші сақтандыру компаниясы – Berkshire Hathaway Specialty Insurance (BHSI) компаниясымен стратегиялық серіктестік орнағанын қуанышпен хабарлайды. BHSI – әйгілі Berkshire Hathaway холдингінің құрамына кіретін жаһандық сақтандыру және қайта сақтандыру алыбы.

BHSI – жылдық айналымы 74,6 млрд АҚШ долларынан (шамамен 34 трлн теңге) асатын қаржы алыбы. Компания 2008 жылы құрылған және бүгінгі таңда әлем бойынша 1000-нан астам қызметкері бар. BHSI әр елде тек бір ғана серіктес сақтандыру компаниямен жұмыс істейді және серіктес таңдауда аса ұқыптылық пен сенімділікке басымдық береді. Компанияның штаб-пәтері АҚШ-тың Небраска штатындағы Омаха қаласында орналасқан.

Бұл жаңалықтың маңыздылығы Уоррен Баффет тұлғасымен де байланысты -ол Berkshire Hathaway компаниясының басқарма төрағасы әрі бас директоры. Уолл-стриттегі аты аңызға айналған “Оракул” ретінде танымал Баффет – әлемдегі ең табысты инвесторлардың бірі, әрі меценат.

Berkshire Hathaway – 1889 жылы негізі қаланған, инвестициялық қызмет саласында әлемдегі ең табысты компаниялардың бірі. Оның инвестициялық портфелінде Coca-Cola, Apple, American Express, Bank of America сияқты жаһандық брендтердің акциялары бар.

Осы серіктестік аясында, BHSI-дің Қазақстандағы өкілдіктері мен филиалдары автоматты түрде Nomad Insurance ұсынатын барлық сақтандыру қызметтеріне қол жеткізе алады. Бұл қызметтер компания лицензиясымен рұқсат етілген барлық қызмет түрлерін қамтиды.

“Бұл – Қазақстан сақтандыру нарығы үшін тарихи сәт! Berkshire Hathaway Specialty Insurance (BHSI) тарапынан білдірілген сенім – Nomad Insurance компаниясының кәсіби біліктілігі мен қаржылық тұрақтылығына берілген жоғары баға. Бұл өз кезегінде, Қазақстан сақтандыру нарығының халықаралық инвесторлар үшін тартымдылығы артып келе жатқанын дәлелдейді,” – деп атап өтті Шакир Иминов, Nomad Insurance компаниясының қоғаммен байланыс бөлімінің басшысы.

Анықтама:
Nomad Insurance сақтандыру компаниясы 2004 жылдың қаңтарында құрылған. “Жалпы сақтандыру” саласы бойынша №2.1.18 лицензияға ие. Компания Қазақстанның 3 республикалық маңызы бар қаласында және 17 өңірінде өкілдіктері бар. Жыл сайын ISO 9001:2015 сапа менеджменті сертификатын сәтті растайды. Standard & Poor’s агенттігінің халықаралық рейтингінде BB+, болжамы – “Тұрақты”, ұлттық шкала бойынша – kzAA.

Бөлісу