Артқа оралу
Изображение новости

Ерікті медициналық сақтандыру: ескертілген-қаруланған деген сөз

10 маусым, 2024, 09:04

“Номад Иншуранс” сақтандыру компаниясы -туристерді медициналық сақтандыру (халық арасында -шетелге шығушыларды сақтандыру) саласының көшбасшысы -кейбір клиенттердің сақтандыру шарттарын толық түсінбейтінін және бұл өнімнің қалай жұмыс істейтінін білмейтінін атап өтеді. Біз клиенттерімізге осы сақтандыру түрінің қыр-сырын түсінуге көмектесіп, олардың саяхаты тыныш әрі қауіпсіз өтуі үшін жұмыс істейміз.

Жазғы демалыс маусымы алдында туристерге деген сұраныс шарықтайтын уақытта, келесі ақпаратта клиенттерімізді мазалайтын сұрақтарға жауап беріп, сапар алдында білуге қажетті маңызды жайттарды баяндаймыз.

Сұрақ: Бірінші сақтандыру оқиғасынан кейін полис жарамсыз болып қала ма?
Игорь Е., 35 жас, Қарағанды қ.

Жауап: Жоқ. МСТ сақтандыру полисі бойынша клиент сақтандыру сомасы толық таусылғанша бірнеше рет жүгінуге құқылы.

Сұрақ: Туристерді медициналық сақтандыру (МСТ) полисі шетелде қандай шығындарды өтейді?
Яна А., 41 жас, Астана қ.

Жауап: МСТ сақтандыру полисі келесі шығындарды қамтиды:

  • Шұғыл медициналық көмек;
  • Ауруханаға жатқызу және жедел амбулаториялық ем;
  • Стоматологиялық көмек;
  • Отанына эвакуациялау.

Сұрақ: Шетелде МСТ бойынша сақтандырылған клиенттерге қызмет көрсететін қандай медициналық орталықпен жұмыс істейсіздер?
Қайрат С., 26 жас, Шымкент қ.

Жауап: Біз 30 жылдан астам тәжірибесі бар халықаралық Remed Assistance ассистанс компаниясымен серіктестік орнаттық. Оның әлем бойынша 1500-ден астам серіктес клиникасы, тәулігіне 24 сағат жұмыс істейтін диспетчерлік орталығы бар және орыс тілінде қызмет көрсетеді. Сақтандырылған клиенттерге жайлы жағдай жасалған жеке клиникаларда қызмет көрсетіледі.

Сұрақ: Шет елде құжат жоғалса, шығындар өтеледі ме?
Олег С., 59 жас, Рудный қ.

Жауап: Иә, МСТ полисі шетелде жоғалған құжаттарды қалпына келтіруге байланысты шығындарды жабады. Бұл нотариалды куәландырылған көшірмелерге, виза мен елге оралуға қажетті басқа да құжаттарға кеткен шығындарды қамтуы мүмкін. Толық ақпарат сақтандыру полисінің шарттарында көрсетіледі.

Сұрақ: Менің Еуропаға жиі баратын егіз ұлдарым бар. Студенттік топтарға жеңілдік бар ма?
Гүлмира Е., 49 жас, Алматы қ.

Жауап: Иә, бізде студенттік топтарға арнайы 20% жеңілдік қарастырылған.

Сұрақ: Сақтандыру компаниясына баруға уақытым жоқ. Полисті онлайн рәсімдеуге бола ма?
Геннадий О., 55 жас, Семей қ.

Жауап: Цифрландыру дәуірінде “Номад Иншуранс” онлайн сақтандыруға басымдық береді. Электрондық полисті кез келген уақытта рәсімдеуге болады. Сонымен қатар, біз алғашқылардың бірі болып сақтандыру полистерінде QR-код енгіздік -оны сканерлеп, полистің түпнұсқалығын тексере аласыз.

Сұрақ: Мен үш күндік іссапарға барамын. Қысқа мерзімге сақтандыру алуға бола ма?
Санжар Д., 29 жас, Алматы қ.

Жауап: Иә, полисті кез келген мерзімге -1 күннен бастап 5 жылға дейін сатып алуға болады.

Сұрақ: Шетелге шыққалы отырған туристерге тағы қандай сақтандыру өнімдерін ұсынасыздар?
Ринат Т., 44 жас, Екібастұз қ.

Жауап: Біз 2 200 теңгеден басталатын комплексті туристік сақтандыру ұсынамыз. Ол келесі қауіптерді қамтиды:

  • Жүктің жоғалуын сақтандыру;
  • Ұшақтағы жазатайым жағдайлардан сақтандыру;
  • Сапардан бас тарту кезіндегі шығындар өтемақысы;
  • Рейс кешіккен жағдайда өтемақы;
  • Құжаттарды қалпына келтіру шығындары.

Сұрақ: Мен визалық құжаттар тапсыруға дайындалып жатырмын. МСТ полисін елшілікке ұсынуға бола ма?
Айжан К., 23 жас, Ақтөбе қ.

Жауап: Иә, МСТ сақтандыру полисі визалық құжаттар пакетімен бірге, оның ішінде Шенген визасын алу үшін де ұсыныла алады.

Сұрақ: Біздің 15-20 адамдық спорт клубымыз халықаралық жарыстарға жиі қатысады. Сіздер үлкен топтарға жеңілдіктер бересіздер ме?
Арсен С., 22 жас, Ақтау қ.

Жауап: Иә, біз әртүрлі елдерге сапар шегетін үлкен топтарға арналған бағдарламаларымыз аясында жеңілдіктер ұсынамыз.

“Егер сіз шетелге шықпақ болсаңыз, 2233 қысқа нөміріне қоңырау шалып, сіздің жеке қажеттіліктеріңіз бен бюджетіңізге сай сақтандыру пакетін таңдаңыз. Күтпеген жағдайлар туындағанда, өз жинағыңызды жұмсамай, барлық қажетті шығындар сақтандыру арқылы жабылады. Бұл сақтандыру түрінің тартымдылығы -қолжетімді бағасында”, -деп мәлімдеді “Номад Иншуранс” сақтандыру компаниясының баспасөз хатшысы Шакир Иминов.

Анықтама:
Компания 2004 жылдың қаңтар айында құрылған. “Жалпы сақтандыру” саласы бойынша №2.1.18 лицензиясы бар. Компания республикалық маңызы бар 3 қалада және Қазақстанның 17 облысында өкілдіктерге ие. Жыл сайын ISO 9001:2015 сапа сертификатын сәтті растайды. Standard & Poor’s халықаралық рейтинг агенттігінен BB+ рейтингіне, "Тұрақты" болжамына және ұлттық шкала бойынша kzAA кредиттік рейтингіне ие.

Бөлісу