2024 жылғы 1 мамырға дейінгі сақтандыру нарығы сақтандыру сыйлықақылары көлемінің шамалы өсімін көрсетті: «жалпы сақтандыру» саласында жұмыс істейтін 16 қазақстандық сақтандыру компаниясы 262,7 млрд теңге жинады, бұл өткен жылғы 252,9 млрд теңгемен салыстырғанда 3,9%-ға артық. Қазақстандық нарықтың ең ірі үш ойыншысы – «Номад Иншуранс» СК, «Евразия» СК және «Халық СК» жалпы жинақталған сыйлықақылардың 63,3%-ын иеленді.
Сақтандыру нарығындағы сыйлықақылар көлемі бойынша көшбасшы болып «Евразия» СК қала берді – 2024 жылдың алғашқы төрт айында 80,7 млрд теңге жинап, нарықтағы үлесі 31%-ды құрады. Үздік компаниялардың қатарында сондай-ақ: «Халық Сақтандыру Компаниясы» – 62,8 млрд теңге (нарық үлесі 24%) және «Номад Иншуранс» СК – 22,6 млрд теңге (нарық үлесі 11,6%) бар. Бұл деректер Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі дайындаған мәліметтерге негізделген.
2024 жылғы сәуір айының соңында «Номад Иншуранс» СК келесі сақтандыру түрлері бойынша сыйлықақылар жинау бойынша үздік үштікке енді: шетелге шығушыларды сақтандыру, туристерді сақтандыру, титулдық сақтандыру, үшінші тұлғаларға зиян келтіру қаупі бар объектілердің иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін (АҚЖ) сақтандыру, экологиялық сақтандыру, қаржы ұйымдарының шығындарын сақтандыру, жеке нотариустарды сақтандыру, көлік құралдары иелерінің АҚЖ сақтандыруы, жүктерді сақтандыру, жолаушылар алдындағы тасымалдаушының жауапкершілігін сақтандыру, автокөлік иелерінің ерікті АҚЖ сақтандыруы және жазатайым оқиғалардан сақтандыру.
2024 жылғы 1 мамырға «Номад Иншуранс» компаниясының активтері – 60,6 млрд теңге, меншікті капиталы – 24 млрд теңге, сақтандыру резервтері – 30,2 млрд теңге, жарғылық капиталы – 3,7 млрд теңге болды. Бұл мәліметтер және басқа да көрсеткіштер реттеушінің ресми сайтында қолжетімді:https://www.nationalbank.kz/ru/news/finansovye-pokazateli-str-sektor(«Статистика» – «Қаржы секторының көрсеткіштері» – «Сақтандыру секторы» – «Қаржы көрсеткіштері» бөлімінде).
Жалпы ақпарат:
Компания 2004 жылдың қаңтарында құрылған. «Жалпы сақтандыру» саласы бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін жүзеге асыруға № 2.1.18 лицензиясы бар. Компания республикалық маңызы бар 3 қалада және Қазақстанның 17 облысында ұсынылған. Компания жыл сайын ISO 9001:2015 сертификатын сәтті түрде растап келеді. Standard & Poor’s агенттігінің халықаралық рейтингі бар: BB+, болжамы – «Тұрақты», ұлттық шкала бойынша несиелік рейтингі – kzAA.