Nomad Insurance сақтандыру компаниясы медициналық қолдаудың халықаралық кепілі ретінде өзінің сенімділігін тағы да дәлелдеді. Бұл жолы сақтандыру оқиғасы Пәкістанның Исламабад қаласында орын алды — бұл шетелдік туристерге сапалы медициналық көмек көрсету көбіне қиындықтармен байланысты болатын елдердің бірі.
2025 жылдың сәуір айында Nomad Insurance қолдау қызметіне Пәкістанда жеке турмен жүрген 14 жастағы сақтандырылған азаматтан қоңырау келіп түсті. Қыз теннис жарыстары кезінде аяғынан жарақат алып, ассистанс қызметінің жедел әрекетінің арқасында оған медициналық көмек көрсетілді.
Оның қолында Nomad Insurance туристерге арналған ерікті медициналық сақтандыру полисі болғандықтан, халықаралық ассистанс қызметіне жүгінгеннен кейін медициналық көмек жылдам ұйымдастырылды. Бұл ретте емнің басталуына тек қазақстандық сақтандыру компаниясы төлем кепілдігін бергеннен кейін ғана рұқсат етілді. Бұл факт Nomad Insurance компаниясының жылдар бойы халықаралық медициналық провайдерлер арасында сенімді әріптес ретінде беделге ие болғанын тағы бір мәрте көрсетті.
«Клиент қай елде жүргеніне қарамастан — мейлі ол Непал (Эверест), Латын Америкасы, Кариб теңізі аралдары немесе осы жағдайдағыдай Пәкістан болсын — Nomad Insurance өз сақтандырылғандарын толыққанды қорғаумен қамтамасыз етеді. Біз стандартты емес және күрделі жағдайларда да клиент үшін жауапкершілік аламыз және өз міндеттемелерімізді орындауға кепілдік береміз», — деп мәлімдеді Nomad Insurance компаниясының PR бөлімінің басшысы Шакир Иминов.
Қосымша ақпарат үшін www.nomad.kz немесе қысқа нөмір 2233