Артқа оралу
Изображение новости

Nomad Insurance Астанадағы бұршақ салдарынан келген залал үшін 140 миллион теңгеден астам өтемақы төледі

29 мамыр, 2025, 16:59

Nomad Insurance сақтандыру компаниясы мүліктік тәуекелдер (қоймадағы тауарларды сақтандыру) бойынша ірі төлем жүргізіп, сенімді сақтандыру қорғанысының ауа райының қолайсыздығы мен табиғи құбылыстар жағдайында бизнестің тұрақтылығы мен үздіксіздігі үшін маңызды құрал екенін тағы бір мәрте дәлелдеді.

2024 жылғы 8 тамызда Астанада ауа райының төтенше құбылыстары тіркелді. Қатты жаңбыр мен екпінді желмен қатар, бөдене жұмыртқасындай ірі бұршақ жауды. Қазгидромет мәліметінше, екі күн ішінде елордада 48 мм жауын-шашын түскен - бұл 1,5 айлық нормадан артық. Жалпы алғанда, 8 мыңға жуық автокөлікке залал келген.

Атап айтқанда, әртүрлі кәсіпорындардың қоймаларында тұрған және Nomad Insurance компаниясында мүліктік тәуекелдер бойынша сақтандырылған 118 көлік зақымданды. Сақтандыру төлемдерінің жалпы сомасы 140 миллион теңгеден асты.

-          Бұл оқиға қоймадағы тауарларды сақтандырудың маңыздылығын көрсетеді. Nomad Insurance өтемақыны дер кезінде төледі, бұл зардап шеккен компанияларға активтерін жылдам қалпына келтіріп, елеулі қаржылық шығындардан сақтануға мүмкіндік берді, - деп атап өтті Nomad Insurance PR бөлімінің жетекшісі Шакир Иминов.

Айта кетейік, 2025 жылдың алғашқы төрт айының қорытындысы бойынша NOMAD компаниялар тобы (Nomad Insurance + Nomad Life) сақтандыру сыйлықақыларын жинау көлемі бойынша Қазақстандағы барлық сақтандыру топтарының арасында 1-орынға шықты. Бұл -компания тарихындағы маңызды кезең және бүкіл ұжымның еңбегінің нәтижесі.

Бөлісу