Номад Иншуранс Түркістан облысында болған жаппай жол апатынан зардап шеккен Hyundai Santa Fe иесіне өтемақы төледі.
19 қыркүйекте кешке қарай Шымкент-Самара тас жолында Toyota Estima минивэн жолға шыққан сиырмен соқтығысты. Зардап шеккендерге көмектесу үшін жақын жерде Audi көлігі тоқтады. Осы уақытта оларға Hyundai Santa Fe және Honda Elysion соқтығысқан.
Апат салдарынан Toyota Estima жүргізушісі мен жолаушылары жеңіл жарақат алды. Оларға сол жерде медициналық көмек көрсетілді, олар ауруханаға жатқызудан бас тартты.
Апат кезінде мына автокөліктер қатты зардап шекті: Номад Иншуранста Каско бойынша сақтандырылған Hyundai Santa Fe жол талғамайтын көлігінің алдыңғы жағына зақым келтірді. 100-ге жуық бөлшекті ауыстыруға-залал 21 242 800 теңгені құрады. Сақтандырушы шарттың талаптарына сәйкес сақтандыру өтемін жедел төледі.