Елімізде 11 мың адам соңғы алты айда спорттық жаттығулар мен жарыстар кезінде жазатайым оқиғалардан сақтандыруды рәсімдеді. Олардың 400-ден астамы полисті сақтандыру компаниясының сайтында онлайн сатып алды.
Бұл өнімді сатуда маусымдылықтың айқын сипаты байқалады: көктемде және күзде өтініштер көбірек түседі, жазда мектеп демалысына байланысты аздап құлдырау болды.
«Біз сататын жазатайым оқиғалардан сақтандыру полистерінің негізгі үлесі балаларды қысқа мерзімге, яғни екі-үш күнге сақтандыру болып табылады - спорттық жарыстар әдетте осылай созылады. Жаттықтырушылар сақтандыруды талап етеді, тәжірибе көрсеткендей, онсыз балалар жарысқа қатыса алмайды, - дейді «Номад Иншуранс» СК» АҚ басқарма төрағасы Даурен Иманжанов. Дегенмен, жарақатты тек турнирлерде ғана емес, жаттығу кезінде де алуы мүмкін. Балалары спортпен шұғылданатын ата-аналар мұны біліп, баласының спортпен шұғылданған уақытын сақтандыруы керек».
Жыл басынан бері Номад Иншуранс компаниясының 100-ден астам клиенті жазатайым оқиғалардан сақтандыру полистері бойынша төлем алуға өтініш білдірген, олардың 60%-ы балалар. Сақтандыру жағдайларының негізгі себептері жаттығулар немесе жарыстар кезінде болған спорттық жарақаттар: қолдардың, аяқтардың, саусақтардың сынуы, байламдардың үзілуі және тізе буындарының зақымдануы.