Сақтандыру компаниясы өткен жылдың қараша айында патшалықтың батысындағы жағалаудағы Жидда қаласында болған метеорологиялық бақылау тарихындағы ең ауыр су тасқынынан зардап шеккендерге келтірілген шығынды өтеп берді.
Алты сағатта онда 180 мм жауын-шашын түсті, бұл үш жылдық нормадан артық. Қатты нөсер су тасқынына әкеліп, екі адам қаза тауып, жүздеген көлік суға батып кетті. Табиғи апаттан Universal Motors Agencies автокөлік дилеріне зақым келіп, компанияның көлік бөлшектері қоймасы су астында қалды. Жиддада ол шағын таудың етегінде орналасқан және сол жерден төмен түсетін су ағыны түпқоймалардағы және сөрелердің төменгі қабаттарындағы жүктерді басып қалды. Оларға шанақтар, бамперлер, есіктер, қанаттар, жел әйнектері, капоттар, үлестіруші біліктер, дыбыс өшіргіштер, май және ауа сүзгілері, тежегіш жастықшалар, жылдамдық сенсорлары, ажыратқыштар, сақтандырғыштар, оталдыру білтесі және айналмалы ток генераторлары сияқты барлық электрлік және электрондық компоненттер кіреді.
Тексеруден кейін қосалқы бөлшектер салынған қаптамалардың басым бөлігі суланғаны, кейбірінің жыртылып немесе деформацияланғаны анықталды. Барлығы қоймадағы 2 958 қосалқы бөлшектер зардап шекті, олардың жалпы саны 73 020 дана болды. Автокөлік дилері қосалқы бөлшектерді қайта орау және оларды жаңа ретінде сату жергілікті ережелерге қайшы келетінін және тұтынушылар немесе билік кейінірек кез келген бөліктің кір немесе тот басқандығын анықтаса, айыппұл салуы мүмкін екенін айтты. Оларды өз автожөндеу шеберханаларында да пайдалану мүмкін болмады. Бұл 392 229 доллар шығынға әкелді. «Номад Иншуранс» қайта сақтандыру шарты бойынша 112 мың АҚШ доллары көлеміндегі жауапкершілік үлесіне келтірілген зиянның орнын толтырды.