Röhm GmbH -метакрилаттар өндірісінің әлемдік көшбасшысы және танымал PLEXIGLAS брендінің иесі. Компания өнімдері құрылыс, сәулет, көлік, медицина, оптика және жарнама салаларында қолданылады. Röhm химия өнеркәсібі саласындағы жаһандық нарықта жетекші орын алып, ондаған елде өкілдікке ие.
Өрт күкірт қышқылын қайта өңдейтін құрылғыда, техникалық қызмет көрсету режимінде болған кезде орын алды. Оқиға салдарынан ғимараттар мен жабдықтар қатты зақымданды, сондай-ақ химиялық ластану тіркелді. Röhm өндірістік алаңы 50 гектар аумақты алып жатыр және бірнеше қабатты нысандарды қамтиды.
Компания апат болған күні өндірістік процестерді толық тоқтатты. Қалпына келтіру жұмыстары қараша айының соңында кезең-кезеңмен басталды, алайда сарапшылардың бағалауынша, толық қалпына келтіру 18–24 айға дейін созылуы мүмкін.
«Еуропадағы ең ірі сақтандыру оқиғаларының бірін реттеуге қатысуымыз -компаниямыздың кәсібилігін ғана емес, сонымен қатар халықаралық сенім деңгейін де дәлелдейді. Standard & Poor’s агенттігінің “BB+” рейтингі -біздің жаһандық деңгейде міндеттемелерді орындайтынымызды және клиенттеріміздің мүдделерін кез келген салада қорғайтынымызды айқын көрсетеді», -деп атап өтті Nomad Insurance PR бөлімінің жетекшісі Шакир Иминов.
20 жылдан астам тарихында Nomad Insurance халықаралық деңгейдегі жетекші брендтермен серіктестік орнатқан. Олардың қатарында аты аңызға айналған инвестор Уоррен Баффетке тиесілі Berkshire Hathaway Specialty Insurance (BHSI), сондай-ақ Apple, Walt Disney, HP, Johnson & Johnson, IBM, Coca-Cola, Bosch және басқа да танымал компаниялар бар.
Nomad Insurance үшін тәуекелдерді қайта сақтандыруды жоғары рейтингке ие сенімді халықаралық компаниялар қамтамасыз етеді: Lloyd’s Syndicates, Chubb, Hannover Re, Polish Re, Allianz, Tokio Marine, Scor -бұл компанияның жаһандық сақтандыру нарығындағы сенімді серіктес екенін растайды.
Қосымша ақпарат: www.nomad.kz немесе қысқа нөмір 2233.