Артқа оралу
Изображение новости

Тұрақтан абайсыз шығу 23 миллион теңгені құрады

4 қыркүйек, 2023, 17:40

«Номад Иншуранс» ЖКО салдарынан көлігі зақымданған BMW M5 көлігінің иесіне КАСКО бойынша 22 миллион 783 мың теңге төледі.

Жол-көлік оқиғасы 5 шілдеде Қарағандыда болды. Тойота RAV4 жүргізушісі жұмыс күнінің соңында жергілікті зауыттың тұрағынан жол бөлігіне қарай бұрылып, маневрдің қауіпсіздігіне көз жеткізбей, сол кезде жолда келе жатқан жаңа BMW M5 көлігімен соқтығысты. Соққыдан екі көлік те зардап шекті. BMW M5 көлігінің алдыңғы бөлігі зақымданған - қанаты, бампер, оң қанаты, фарасы, дөңгелегі, салонда қауіпсіздік жастықтары ашылған. 2022 жылғы «неміске» шығын 22 миллион 783 мың теңгені құрады, бұл соманы «Номад Иншуранс» көлік иесіне төлеген.

«Бір қызығы, BMW M5 иесі автокөлікті сақтандыру жағдайы басталардан бірнеше күн бұрын 1 шілдеде сақтандырған. Осыған қарамастан сақтандыру компаниясы КАСКО полисі бойынша клиентке апат салдарынан келтірілген залалды толығымен өтеп берді», - дейді «Номад Иншуранс» СК» АҚ басқарма төрағасы Дәурен Иманжанов.

Toyota RAV4 көлігінің иесіне 20 АЕК немесе 69 мың теңге көлемінде айыппұл салынды, бірақ сот жеңілдететін жағдайларды ескерді - жол апатына кінәлі адам мұндай құқықбұзушылықты бірінші рет жасағандықтан, айыппұлды 30 пайызға азайтты.

Бөлісу