Артқа оралу
Изображение новости

Қалпына келтірілмейтін: «Номад Иншуранс» компаниясы қираған балмұздақ таситын жүк көлікке 33 миллион теңге төледі

21 тамыз, 2023, 17:40

«Номад Иншуранс» сақтандыру компаниясы Қазақстанның оңтүстігіндегі бір ірі балмұздақ өндірушіге көлік апаттынан зардап шеккен жүк көлігі үшін 33 миллион теңгеден астам ақша төледі.

Жол-көлік апаты ағымдағы жылдың 31 мамырында Меркі-Шу-Бурубайтал тас жолында болған. Lexus RX 350 жүргізушісі рульді басқара алмай, қарама-қарсы жолаққа шығып кетіп, бар жылдамдықпен Scania көлігімен соқтығысқан. Апаттан ешкім зардап шеккен жоқ, бірақ соққының күшті болғаны сонша, жүк көлігі аударылып, жүргізуші кабинасынан бір металл үйіндісі ғана қалды.

Апаттан кейін Scania көлігі қалпына келтіруге жарамсыз деп танылды. Келісімшарт бойынша сақтандыру сомасы 36 млн 808 мың теңгені құрады. Сақтандыру сомасының 10%-ын түгелдей опат болған жағдайдағы франшиза – 3 млн 680 мың теңге. Франшиза - бұл сақтандыру жағдайы басталған кезде сақтанушының залалға қатысуы. Бұл клиент мүліктің сақталуына ортақ жауапкершілікте болуы үшін қажет.

Келтірілген зақым шамамен 36 миллион теңгені құрады. Франшизаны шегергенде, «Номад Иншуранс» сақтанушыға 33 миллион 128 мың теңге төледі.

«Егер сақтандыру компаниясында тек АҚЖС полисі болса, ол залалды өтеу ретінде максимум 600 АЕК немесе екі миллион теңгеден сәл артық алатын еді. КАСКО полисі болуы автокөлікті жоғалтудан болған шығындарды өтеуге көмектесті. Бұл тек апат кезінде ғана емес, басқа да жол-көлік оқиғалары, өрт, жарылыстар, ұрлықтар мен авто көлік ұрлығы кезіндегі ең сауатты қорғаныс», - дейді «Номад Иншуранс» СК» АҚ басқарма төрағасы Дәурен Иманжанов.

Жол инспекторлары жол қозғалысы ережесін бұзып, материалдық зақым келтірген үшін «Лексус» көлігінің иесіне 42 000 теңге айыппұл салды.

Бөлісу