Жаз басталысымен еліміздің түрлі қалаларында бірнеше қатты өрт болды. Өкінішке орай, олар тек адамдардың денсаулығы мен өміріне ғана емес, сондай-ақ олардың қаржылық әл-ауқатына да кері әсерін тигізеді. Мүлікті өрттен сақтандыра ма және ол қалай болады, осы материалда айтып өтеміз.
Жылжымайтын мүлiктiң сақтандыру полисi өрт, газ жарылысы, найзағай соққысы, су әсерi тәуекелдерiн қамтиды. Оған табиғи апаттар да кіреді, атап айтқанда, боран, дауыл, торнадо, бұршақ немесе нөсер.
"Өрт біздің барлық мүліктік өнімдерімізге енгізілген. Жылжымайтын мүлікті сақтандыру өнімдерінде бұл тәуекел әдепкі қалпы бойынша жүреді. Алайда, әрбір бағдарлама бойынша бізде стандартты ерекшеліктер бар – біз ескі құрылыстарды, ағаш конструкцияларды сақтандыруға алмаймыз", - деді "Номад Иншуранс" компаниясының Басқарма Төрағасы Дәурен Иманжанов.
Сақтандырушының деректері бойынша, орташа алғанда мүлікті сақтандыруға арналған тариф жабу сомасының 0,1% -ынан басталады.Дегенмен, құны жақсы жағынан таң қалдыратын сақтандырулар да бар.
«Бірнеше жыл бұрын біз «Тұрғын үй полисі» әлеуметтік өнімін іске қостық. Адамдар үшін бұл жағымды тосынсый болғанымен,соынмен қатар сенімсіздікті де тудырады, өйткені оның құны пәтердің квадратурасына қарамастан айына 137 теңгеден басталады. Әрине, оған өрт қаупі әдепкі қалпы бойынша қосылады, ал қалғандарын клиент өз қалауы бойынша таңдайды",- деп бөлісті Иманжанов.
Ол өрттің қандай себеппен болғаны маңызды екенін атап өтті – бұл төлемнің жүзеге асырылатындығына байланысты. Мысалы, егер өрт үй иелерінің немқұрайлылығынан басталса және мұны құтқару қызметінің қорытындысы көрсетіп тұрса, онда ешқандай өтемақы күтуге болмайды.
Сақтандыру компаниялары кез келген нысанды қуана сақтандырады деп күтпеген жөн. Компанияларда әрқашан стандартты ерекшеліктер тізбесі болады. Мысалы, «Номад» тозығы жеткен үйлерді, ағаш конструкциялар мен уақытша баспананы сақтандыра алмайды. Дәл осындай ережелер жылжымалы мүлік бойынша полистерге де қолданылады, мысалы, КАСКО - ескі автомобиль сақтандыруға жатпайды. Алайда, әңгіме мүлдем жаңа нысандар туралы болса да, оларды аз ғана адам сақтандырады.
"Жылжымайтын мүлікті сақтандыру XX ғасырдың ортасынан бастап дамып кеткен Батыс еліне қарағанда, Қазақстанда сақтандырудың бұл түрі даму кезеңінде. Дегенмен, біздің азаматтарымыздың қаржылық сауаттылық деңгейі артып, сақтандыруды қабылдау біртіндеп өзгеруде. Жақын болашақта әрбір Қазақстандықтың мүлкі сақтандыру полисімен қорғалады деп ойлаймын ", - деді «Номад Иншуранс» басшысы.