Көптеген адамдар эко-саналылыққа ұмтылады. Бұл қайталама шикізатті қайта өңдеу, көміртегі ізін азайту, пластиктен бас тарту деген сияқты әрекеттерден көрініс табады. Кейбір компаниялар «жасыл» бастамаларды жүзеге асыру барысында қаптамаға «органикалық» белгісін қояды. Алайда, бәлкім, кез келген кәсіпорын үшін экологиялылық жолындағы алғашқы қадам экологиялық сақтандыру болып табылады. Бұл дегеніміз не және не үшін қажет екендігін осы материалда айтатын боламыз.
2005 жылдан бастап Қазақстанда «Міндетті экологиялық сақтандыру туралы» заң әрекет етеді. Ол кейбір кәсіпорындарға экологиялық тәуекелдерді сақтандыруды міндеттейді. Мұндай компанияларға су ресурстарын пайдалану немесе мұнай операцияларын жүзеге асыру секілді қауіпті объектілерге иелік ететін компаниялар жатады. Мұндай кәсіпорындардың қызметі экологиялық жағдайды бұзып, табиғатқа орны толмас зиян келтіруі мүмкін. Мұндай жағдай орын алғанда, компаниялар техногендік апаттың салдарын азайтуға тырысады, алайда бұл, айтарлықтай қаражатты талап ететіні анық. Дәл осындай жағдайда, экологиялық сақтандыру полисі көмекке келеді.
Соңғы уақытқа дейін, ең алдымен заңды тұлғаларға арналған сақтандырудың бұл түрін тек сақтандыру ұйымының кеңсесінде ғана алуға болатын. Алайда, сақтандыру толықтай қағаз саласы дейін стереотиптерді бұзатын иншуртех қарқынды дамып келетінін атап өткен жөн, қазір нарықтың көптеген өнімдері цифрландырылған. Кезек экология және қауіпті нысандар бойынша өнімдерге де жетті - биылғы жылы экосақтандыру бойынша нарық үлесінің 21 пайызына иелік ететін «Номад Иншуранс» аталмыш полисті онлайн ұсынды. Енді кәсіпкерлер сақтандыру қорғанысын үйден шықпай-ақ сатып ала алады. Компанияның сайтында сақтандырудың бұл түрі клиенттің қажеттіліктеріне қарай қалыптасатыны ыңғайлы. Ұйым енгізген шешімдер клиентке тиісті коммерциялық ұсыныстарды автоматтандырылған түрде беруге, содан кейін төлем шотын ұсынуға мүмкіндік береді. Төлегеннен кейін сақтандыру полисі көрсетілген поштада пайда болады.
Сонымен қатар, компанияның сайтында «Жеке кеңсе» сервисі енгізілді, ол полистерді ресімдеу және ұзарту процесін жеделдетеді, сондай-ақ барлық қолданыстағы және қолданылмайтын шарттарды бақылауға мүмкіндік береді.
«Бизнес әлемі жасарып келеді және қаржылық сауаттылық бойынша байыпты білімі бар жаңа ұрпақ сақтандыруды одан да белсенді пайдаланатын болады. Алайда, олар, 40 жастан асқан көптеген адамдар сияқты менеджерлермен және агенттермен кездесу, сақтандырушылардың кеңселеріне бару үшін уақыт бөлуге, белгілі бір сақтандыру қызметінің қол жетімсіздігіне тап болуға дайын емес. Тұтынушылар тек қашықтан сатып алатын болады. Біздің компания бірінші кезекте клиенттерге және олардың сұраныстарына бағытталғанын қайталаудан жалықпаймын. Сондықтан біз бөлшек және корпоративтік сегменттің қалған өнім желісін цифрландыруды белсенді түрде жалғастырамыз», - деп бөлісті «Номад Иншуранс» Басқарма Төрағасы Дәурен Иманжанов.
«Номад Иншуранс»-тың мұндай қызметтері әдеттегі бизнес-процестерді өзгертетінін атап өткен жөн. Бірақ одан да маңыздысы, шағын, орта және ірі кәсіпкерлік ойыншыларына уақыт және энергетика ресурстарын ысырап етпей, қоршаған ортаға қамқорлық жасауға қарай қадам жасауға мүмкіндік береді. Бұл уақыт өте келе қарқынды дамып келе жатқан экологиялық тазалық трендінің ішіндегі маңызды тақырыптардың бірі.