Nomad Insurance сақтандыру компаниясы әлемдегі ең ірі медиакорпорациялардың бірі -The Walt Disney Company компаниясының мүліктік тәуекелдерін қамтитын қайта сақтандыру бағдарламасына қатысуда.
Келісімшарт аясында Nomad Insurance The Walt Disney Company компаниясына тиесілі түрлі нысандарда мүліктің физикалық жоғалуы немесе зақымдануы сияқты тәуекелдерді сақтандыруды қамтамасыз етеді. Қайта сақтандыру әлемнің түкпір-түкпіріндегі тематикалық саябақтарды, курорттарды, қонақ үйлерді, сондай-ақ басқа да инфрақұрылымдық және өндірістік нысандарды қамтитын активтердің кең тізіміне таралады. Полис бүкіл әлем бойынша, кейбір елдер мен аумақтарды қоспағанда, күшінде болады.
1923 жылы құрылған The Walt Disney Company шағын анимациялық студиядан әлемдегі ең қымбат брендтердің біріне айналды. Қазіргі таңда оның құрамында 11 тематикалық саябақ, ABC телеарнасы, круиздік лайнерлер, сондай-ақ «Арыстан патша», «Су перісі», «Сұлу мен Құбыжық» сияқты танымал музыкалық қойылымдар бар.
«Nomad Insurance үшін бұл -біздің кәсіби деңгейіміз бен халықаралық сараптамаға ие екенімізді дәлелдейтін маңызды қадам. Біз The Walt Disney Company сияқты жаһандық компаниялармен ынтымақтастық орнатқанымызды мақтан тұтамыз және клиенттерге бизнес пен активтерді қорғауға арналған кешенді шешімдер ұсынуға дайынбыз», -деп атап өтті Nomad Insurance PR-бөлімінің жетекшісі Шакир Иминов.
Nomad Insurance қазіргі уақытта Berkshire Hathaway Specialty Insurance (BHSI) -аты аңызға айналған инвестор Уоррен Баффетке тиесілі сақтандыру компаниясымен, сондай-ақ Apple, HP, Johnson & Johnson, IBM, Coca-Cola, Bosch және басқа да алдыңғы қатарлы халықаралық брендтермен жұмыс істейді.
Сонымен қатар, Nomad Insurance компаниясының тәуекелдерін қайта сақтандыруды жоғары рейтингке ие сенімді халықаралық компаниялар қамтамасыз етеді: Lloyd’s Syndicates, Chubb, Hannover Re, Polish Re, Allianz, Tokio Marine, Scor -бұл Nomad Insurance компаниясына жаһандық сақтандыру нарығындағы жоғары сенімділікті растайды.
Қосымша ақпарат алу үшін www.nomad.kz сайтына кіріңіз немесе 2233 нөміріне қоңырау шалыңыз.