КДК
КДК (дербес деректерге қол жеткізуді мемлекеттік бақылау сервисі) — азамат тарапынан тиісті келісімді алғаннан кейін дербес деректерге қол жеткізуге сұрау салумен 1414-тен SMS жіберу арқылы дербес деректерге қол жеткізуді ұсынуға арналған сервис.
КДК АЖ Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 21 мамырдағы № 94-V "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Заңының талаптарына сәйкес енгізілді.
Сақтандыру компаниясы (бұдан әрі – СК) клиенттің деректерін салыстырып тексеру және құжаттарда клиенттің қажетті деректерін толтыру (одан әрі қызмет көрсетуді қамтамасыз ету) мүмкіндігі болуы үшін СК клиенттен дербес деректерге (КДК) қол жеткізуге рұқсат сұрауы қажет. Ол үшін клиент 1414 нөміріне оң жауаппен SMS жолдау арқылы келісімін алуы керек.