27.11.2019

«ҮЙ ДЕ МЕНІКІ ЕМЕС, ҚАРЖЫ ДА ЖОҚТЫҢ» КҮНІН КӨРМЕС ҮШІН

«ҮЙ ДЕ МЕНІКІ ЕМЕС, ҚАРЖЫ ДА ЖОҚТЫҢ» КҮНІН КӨРМЕС ҮШІН

Қазақстандықтардың басым бөлігі тұрғын үйді жалға алатыны жасырын емес. Сондықтан да баспаналы болу - көпшіліктің ең бірінші мақсаты, кейбіреуге қолжетпес арман.

Бүгінгі таңда арманына қол жеткізіп жатқандар да жоқ емес. Дегенмен, келісім шартқа қол қойып, мүлікті өз атыңызға тіркегенге дейін сақтықты ұмытпаған жөн дейді мамандар. Кей жағдайда біреудің иелік ету құқығын жоққа шығаратын әрекеттердің кейін де туындап жататынын ескертеді. Себебі, мүлікті сату мен сатып алу – алаяқтар үшін нағыз нәпақа көзі. Мамандардың айтып жатқан ақыл-кеңестері де жағдайды жөндей алмай отыр. Нәтижесінде, «аузы күйіп», алданып қалғандардың саны күннен күнге артып келеді.

дом3.jpg

Сонымен тұрғын үй сатып алу кезінде алаяқтар қандай әрекеттерге барады?

Мұрагер

Алаяқтардың ең жиі қолданатын тәсілі. Келісім жасау құқығының заңды екенін үйді жекешелендіру барысында тізімде болмаған тұлғалардың жоққа шығарып, дауласуы. Сондай-ақ бұл әрекетке бір кездері меншік құқығы бұзылған азаматтар баруы мүмкін.

Көшірме

Тұрғын үйді сату кезінде алаяқтар құжаттардың көшірмесін қолданатын кездер болады. Бұл жағдайда бір үйді бірнеше үміткерге сатуы мүмкін. Осындай тұзаққа түссеңіө, Заң келісімшартқа бірінші қол қойған сатып алушының құқығын қорғайтынын ескертеміз. Демек, сіз - бірінші болу бақыты сізге бұйырмаса, «қаржы да жоқ, үй де сізге тиесілі емес» деген сөз.

дом1.jpg

Үй алмастыру

Сатып алушыға сатылатын үйді емес, қасақана басқа мүлікті көрсетеді. Алаяқтар тіпті үйдің нөмірі мен көше атауларын да ауыстыруға дейін барады. Бұл сирек кездесетін әрекет. Бірақ, осындай тұзақтың да болатынын біліп жүру абзал.

Тіркелмеген тұрғын

Қандай да себептермен уақытша тіркеуден шығарылған тұлғаның дауласуы. Әскерде борышын өтеп келген немесе оқудан оралған азаматтардың мүлікке құқы болуы мүмкін. Бұл жағдайда сіздің ақшаңыз қолды болып, үйіңіз өзгеге тиесілі болып шығуы әбден мүмкін.

дом2.jpg

Бүгінгі күні алаяқтардан сақтанудың көптеген әдіс-тәсілдері бар. Көпшіліктің банкте кепілде тұрған мүлікті алғысы жоқ. Бірақ, дәл осындай үйдің құжаттарына сенім бар. Себебі, банк сізге қажетті тексерістерді әлде қашан жүзеге асырған-ды. Бұл - сіздің алдану мүмкіндігіңізді жоққа шығарады.

Алаяқтардан қорғанудың тағы бір әдісі - титулдық сақтандыру

«Титулдық/негізгі бет» немесе «титулка» сөздері баршаға таныс. Бұл баспасөз басылымындағы автордың аты-жөні мен жобаның аты жазылатын басты беті.

Алғашқы баспа кітаптарында негізгі бет, яғни осы титулка мүлдем болмаған деседі. Автор туралы ақпарат пен шығарманың аты бірінші бетте жазылғанымен, негізгі мәтіннен жекешеленбейтіні баяндалады. Тарихтағы алғашқы негізгі бетті Гутенбергтің оқушысы 1463 жылы басып шығарған екен.

Бүгінгі таңда «титулка» сөзінің мағынасы толығып, сақтандыру түріне айналғаны көпшілікке беймәлім.

Титулдық сақтандыру кімді және неден қорғай алады?

Қазақстанның сақтандыру нарығы сақтанушыларды түрлі алаяқтықтан қорғайтын жаңа өнімдермен күн сайын толығып келеді. Титулдық сақтандыру осындай қорғану амалдарының бір ғана мысалы. Кез-келген мүлік түрін сатып алу кезінде қаржыдан айырылып қалу қауіпін мейлінше азайтуға негіз болады.

Сақьтандырудың осы түріне жүгінсеңіз, тұрғын үйді сатып алу барысында алаяқтың құрбанына айналсаңыз, сізге келген зақымды сақтандыру команиясы көтереді.

Әрине, әркім өз тәуекелінің мөлшері мен салдарын жетік түсінуі керек. Дегенмен, армандаған үйіңізді алуда тәуекелге бару- ақымақтың ісі ме, жоқ па, өзіңіз шешесіз.

Қоғамда сақтандыру қызметінің құны қолжетімсіз деген жалған пікір бар. Әдетте бұл ақпаратты сақтандырумен еш кезікпен, тәжірибесі жоқтар таратады - дейді мамандар.

Сонымен, алаяқтардан сақтанудың құны қанша?

«Номад Иншуранс» СК» мәліметі бойынша, бұл сақтандыру түрі ерікті болып табылады және құны сақтандыру сомасының 0,3% -нан басталады. Мысалы, сіз армандаған пәтер 20 млн теңге тұрса, сақтанушының (сатып алушының) титулдық сақтандыруы - 60 000 теңгені құрайды.

«Номад Иншуранс» СК» қазақстандықтарды тұрғын үй сатып алуда аса сақ болуға және қаржыларыңызбен тәуекел етпеуге шақырады.

Құрметті клиент!

Сақтандырушының есеп айырысу шотына төлем түскен күн немесе түскеннен кейiнгi келесi күн шарт жасасу күнi болып табылады. Сақтандырудың басталу күні – шарт жасасқаннан кейінгі күн болып табылады.
OK

Шарттың талаптарын өзгерту

Шарт талаптарын өзгерту немесе оны бұзу үшін жұмыс уақытында таңдалған кеңсеге келуіңізді сұраймыз. Өзіңізбен шарт талаптарын өзгерту құқығын растайтын құжаттарыңыз болуы керек.

Сұрауды өңдеуде қателік кетті

Нысанды кейінірек қайта жіберіп көріңіз. Барлық сұрақтар бойынша 2233 (ҚР барлық ұялы телефондары үшін) тегін қысқа нөміріне хабарласыңыз.
 

Сізге кодпен бірге SMS жіберілді.

Растау кодын енгізіңіз

Арқылы қайта жіберу 30 сек
Қайта жіберу

Сіз полистің ресімделуін растайсыз ба?

Барлық деректер құнның есебіне қосылғанын тексеріп шығыңыз, қосылмаған болса, артқа оралыңыз.

Есеп осы деректер бойынша жүргізіледі:

Жүргізушілер
Иван И
Авто
SUBARU FORESTER
2020

Полисті коммуналдық
қызметтермен бірге төлеңіз

200 теңге және 400 теңге тұратын мүлікті сақтандыру серіктестік бағдарламасы

ivc АЕО-ға өту