ҚАБАҒАН ИТТЕН САҚТАНАМ ДЕСЕҢ!

ҚАБАҒАН ИТТЕН САҚТАНАМ ДЕСЕҢ!

Ресми мәліметке сүйенсек, елімізде ит шабуылынан жылына 160 адам зардап шегеді екен. Арасында өлім фактісі де жоқ емес. Естеріңізде болса, ағымдағы жылдың басында Алматыда ротвейлер тұқымды екі ит өз қожайынының 3 жастағы қызын талап өлтірген.

Қазақстанда аса қауіпті иттер рейтінгісі 2015 жылы жасалған. Тізімдер жергілікті маслихаттар шешіміне сәйкес жасақталғандықтан, әр өңірде өзгеше. Мысалы, Нұр-Сұлтан қаласында қауіпті деп танылған иттер тізімі мынадай болса:

·        америкалық питбультерьер;

·        америкалық стаффордшир терьері;

·        бультерьер;

·        стаффордшир бультерьері;

·        ротвейлер;

·        жоғарыдағы ит тұқымдарының араласқандысы,

 Алматы қаласының маслихаты келесілерді қауіпті деп отыр:

·        америкалық стаффордшир терьері;

·        стаффордшир бультерьері;

·        аргентиналық дог;

·        питбультерьер;

·        бульмастиф;

·        бразилиялық фил;

·        ортаазиялық және кавказ овчаркасы.

Айта кетейік, көршілес Ресей аса қауіпті ит тұқымдарының тізімін жақында ғана бекітті. Мәскеу қабаған төртаяқтылар қатарына қасқыр мен иттің буданын кіргізген. Қазақстандықтар арасында бөрі текті жануарды асыраушылар да жоқ емес. Демек, хайуанды жергілікті тізімдерге де енгізу қажеттігі туындайды.

Дамыған елде қабаған ит пен өзге де қауіпті жағдайлардан қорғану үшін сақтандыру полисін алу тәжірибесі қалыптасқан. 

Біріншіден, бұл - денсаулықты жөнге келтіруде негізгі қаржы көзі. 

Екіншіден - қоғамдық мүдделерге қатысты жоғары деңгейдегі әлеуметтік қатынастар қағидасы. 

Ал бізде ше?

«Бұл қызмет түрінің қазақстандықтар үшін маңызы шамалы. Нәтижесінде, жазатайым жағдайдан сақтану қызметтеріне өз еркімен жүгінетіндер саны аз» - дейді мамандар. «НОМАД Иншуранс» мәліметінше, компания жыл басынан бері жазатайым жағдайдан сақтандыруға қатысты 1529 келісім-шарт жасаған. Оның 563-сі балаға қатысты. Өкініштісі - басым бөлігі ата-ананың қалауымен емес. Спорттық сайыстар ережесі және демалыс лагерлері қойған талап сондай. 

Ақпарат үшін: жазатайым жағдайдан сақтандыру полисі ересектер үшін жылына 500 теңгеден, ал кәмелетке толмағандар үшін 1000 теңгеден басталады. Есесіне, сақтанушы келісімде көрсетілген жағдайларда зардап шексе, компания келтірілген шығынды шартқа сәйкес өтеп береді.


Құрметті клиент!

Сақтандырушының есеп айырысу шотына төлем түскен күн немесе түскеннен кейiнгi келесi күн шарт жасасу күнi болып табылады. Сақтандырудың басталу күні – шарт жасасқаннан кейінгі күн болып табылады.
OK

Шарттың талаптарын өзгерту

Шарт талаптарын өзгерту немесе оны бұзу үшін жұмыс уақытында таңдалған кеңсеге келуіңізді сұраймыз. Өзіңізбен шарт талаптарын өзгерту құқығын растайтын құжаттарыңыз болуы керек.

Сұрауды өңдеуде қателік кетті

Нысанды кейінірек қайта жіберіп көріңіз. Барлық сұрақтар бойынша 2233 (ҚР барлық ұялы телефондары үшін) тегін қысқа нөміріне хабарласыңыз.
 

Сізге кодпен бірге SMS жіберілді.

Растау кодын енгізіңіз

Арқылы қайта жіберу 30 сек
Қайта жіберу

Сіз полистің ресімделуін растайсыз ба?

Барлық деректер құнның есебіне қосылғанын тексеріп шығыңыз, қосылмаған болса, артқа оралыңыз.

Есеп осы деректер бойынша жүргізіледі:

Жүргізушілер
Иван И
Авто
SUBARU FORESTER
2020

Полисті коммуналдық
қызметтермен бірге төлеңіз

200 теңге және 400 теңге тұратын мүлікті сақтандыру серіктестік бағдарламасы

ivc АЕО-ға өту