13.12.2021

Абайлаңыз, қыс келді! Қазақстандықтарға көлікті қалай қауіпсіз жүргізу керек?

Абайлаңыз, қыс келді! Қазақстандықтарға көлікті қалай қауіпсіз жүргізу керек?

Басқа жыл мезгілінен қарағанда, қыста көлік жүргізу әлде-қайда қауіптірек. Ауа-райының қолайсыздығы және күннің қысқаруы көлік жүргізуді өте қауіпті етеді. Cонымен қоса қарды тазалау және реагенттерді пайдалану мәселелері де бар. Соның кесірінен жиі жол апаттары болып отырады. Қауіпті азайтып, кез келген ауа райында көлік жүргізгіңіз келсе, қарапайым кеңестерге құлақ асқан жөн.

  • Жолға шықпас бұрын көліктегі барлық қарды тазалау керек. Корпустағы қар төбеден ағып, алдыңғы әйнегіңіздегі көріністі жауып тастауы мүмкін. Сонымен қатар, қар басқан көліктің салмағы мен өлшемін анықтау қиын.
  • Сапарларыңызды алдын ала жоспарлаған дұрыс. Таңертең ауа-райы болжамын тыңдау немесе жағдайды бағалау үшін әлеуметтік желілерді бір шолып өткен абзал. Әсіресе, тегіс трассаға шығар алдын ауа-райын анықтап алған дұрыс. Төтенше жағдайлар үшін, ұялы телефоныңызды зарядтауды ұмытпаңыз.
  • Мықты арқан мен алғашқы көмек жинағын тексеріңіз. Себебі әртүрлі жағдайлар болуы мүмкін, оның үстіне «бес қаруы сақадай сай болса, орманға баруға қорықпас» деген халық даналығы бар. Мықты арқан қалың қарда тіреліп қалған көлікті алып шығуға көмектеседі және жолда өзіңізді нашар сезінсеңіз немесе апат болған жағдайда алғашқы көмек жинағын қолдана аласыз.
  • КАСКО ерікті сақтандырудың қызметіне жүгінген жөн. Қазақстанда қыс мезгілі қауіпті жағдайларға толы: мәселен, кристалды қардың тұтас шағын көшкіні немесе салмақты мұз әйнекке түсуі мүмкін, соның салдарынан көліктің кейбір бөліктерін толық жөндеуге тура келеді. Одан да сорақысы – боран немесе көктайғақ салдарынан болған апаттап. Айта кетелік, осындай және өзге де оқиғалардан кейін сізді ірі қаржылық шығындардан «Номад Иншуранс» КАСКО сынды сақтандыру компаниялары құтқарады.
  • Маневрларды ойланып жасаған жөн. Тәжірибелі жүргізушілер жол көктайғақ болған кезде ABS тоқтау қашықтығын арттыратынын біледі. Сондықтан бұл жүйенің жұмыс істеуіне жол бермеңіз: алдын ала және мүмкіндігінше ақырын тежеңіз. Дөңнен төмен қарай жүрген кезде қозғалтқыштың тежеуін пайдаланыңыз, передача қорабшасын ретімен бір-бірлеп ауыстырыңыз. Ал көтерілгенде передачасы автоматты түрде ауысып кетпейтіндей қылып таңдаңыз, себебі дөңгелектер бір орында тапжылып, тұрып қалуы мүмкін. Күрделі учаскелерде (трасса, жолдың айқын көктайғағы және т.б.) газды басып, өзге көліктерден озып жүруден бас тартқан дұрыс.
  • Жаяу жүргіншілер туралы ұмытпаңыз! Жолды кесіп өткенде адамдар тайып құлап кетуі мүмкін. Жаяу жүргіншілер өткеліне жақындағанда, сондай-ақ ауруханалардың, мектептердің, балабақшалардың жанында да соны ескеріңіз. Өкінішке қарай, жаяу жүргіншінің әрекетін болжау қиын, сондықтан қырағы болыңыз.
  • Мүмкіндігінше көлікті жолға қоймаңыз. Бұл өзге көліктер мен қар тазалау техникасына кедергі жасайды, ал жол нашар көрінсе, жол-көлік оқиғасы болуы мүмкін.

Жүргізушілерге тағы қандай кеңес берер едіңіз?

Құрметті клиент!

Сақтандырушының есеп айырысу шотына төлем түскен күн немесе түскеннен кейiнгi келесi күн шарт жасасу күнi болып табылады. Сақтандырудың басталу күні – шарт жасасқаннан кейінгі күн болып табылады.
OK

Шарттың талаптарын өзгерту

Шарт талаптарын өзгерту немесе оны бұзу үшін жұмыс уақытында таңдалған кеңсеге келуіңізді сұраймыз. Өзіңізбен шарт талаптарын өзгерту құқығын растайтын құжаттарыңыз болуы керек.

Сұрауды өңдеуде қателік кетті

Нысанды кейінірек қайта жіберіп көріңіз. Барлық сұрақтар бойынша 2233 (ҚР барлық ұялы телефондары үшін) тегін қысқа нөміріне хабарласыңыз.
 

Сізге кодпен бірге SMS жіберілді.

Растау кодын енгізіңіз

Арқылы қайта жіберу 30 сек
Қайта жіберу

Сіз полистің ресімделуін растайсыз ба?

Барлық деректер құнның есебіне қосылғанын тексеріп шығыңыз, қосылмаған болса, артқа оралыңыз.

Есеп осы деректер бойынша жүргізіледі:

Жүргізушілер
Иван И
Авто
SUBARU FORESTER
2020

Полисті коммуналдық
қызметтермен бірге төлеңіз

200 теңге және 400 теңге тұратын мүлікті сақтандыру серіктестік бағдарламасы

ivc АЕО-ға өту