12.11.2020

АГРОСАҚТАНДЫРУ ТУРАЛЫ САРАПШЫЛАР ПІКІРІ

АГРОСАҚТАНДЫРУ ТУРАЛЫ САРАПШЫЛАР ПІКІРІ

Қазақстанның аграрлық әлеуеті қысқа мерзімде ауыл шаруашылығында, дәлірек айтсақ, мал шаруашылығында оң нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік береді. Бұл саланың дамуына қауіп төндіретін негізгі фактор - биологиялық активтердің жоғалуына әкелетін аурулар мен жазатайым оқиғалар. Малдың қырылуы жағдайында фермерлер өз міндеттемелеріне жауап бере алмайды, демек алған несиесі үшін төлем жасауы да екіталай. Демек, аграрлық өндірісті несиелеу және субсидиялау бойынша қызмет көрсетуші мекемелер үшін жануарларды сақтандыру мәселесі өзекті екені түсінікті.

О бастан фермерлерді қолдау қорлары мал шаруашылығымен байланысты барлық тәуекелдерге сақтандыру нарығы жауап беруіне қызығушылық танытты. Алайда, сақтандырушылар мүлікті классикалық тәуекелдер бойынша сақтандыру амалдарын ғана ұсына алды. Бұл - фермадағы өрттің, жарылыстың немесе су тасқынының және т.б. салдарынан келген мал шығынын өтеп бере алады деген сөз. Ал, ең қауіпті саналатын мал ауруы мен мақлұқтың жазатайым жағдайдан жапа шегуі (жануардың жартасқа түсуі, жарақат) сақтандыру келісім-шартында өтелмейтін жағдаяттар қатарына енгізілген.

1.jpg

«Номад Иншуранс» СК малдың өлім-жітімі себептеріне байланысты зерттеулер жүргізді. Нәтижесінде аурулар мен жазатайым оқиғалар малдың қырылуының басты себебі екені мәлім болды. Демек, бұл - сақтандырушылар үшін өте үлкен тәуекел.

"Мал шаруашылығын сақтандыруға қызығушылық артпай отырғанның бір себебі - елдегі аграрлық өнеркәсіп шара дамыған. Ертеректе сақтандыру нарығында серіктестік бағдарламалар іске қосылған болатын. Бірақ бұл жобалардың бірде бірі ұзаққа бармады", - дейді "Номад Иншуранс "СК" АҚ Басқарма Төрағасы Даурен Иманжанов.

Құс фабрикаларының иелері өздерінің тәуекелдерін толықтай сақтандырады: жылжымайтын мүлік, жабдықтар мен құс басы. Бірақ мұнда да құстардың аурудан ия жазатайым оқиғалардан қырылуы сақтандыру жағдайына жатқызылмаған-ды. Мал мүліктік зиян келтіруден сақтандырылған. Өндірістің осы сегментінде ірі қара мал мен ұсақ малға қарағанда тәжірибе көбірек. Себебі, құс фабрикаларында қалыптасқан санитарлық стандарттарға сай жұмыс істеу жолға қойылған, үдеріс оңтайландырылған. Демек, қауіп аз.

2.jpg

"Балық өндірісіне байланысты бізге сұраныс келіп түскен. Бірақ пандемияға және енгізілген шектеулерге сай уағдаластықтар кейінге қалдырылды. Десе де, бұл сегмент те аз зерттелген", - "Номад Иншуранс" СК" АҚ андеррайтинг және қайта сақтандыру департаментінің директоры Андрей Кадеров.

Сақтандырушылардың пікірінше, мал шаруашылығын сақтандыру қазметінде мемлекеттің қатысуы орынды болар еді. Мұндай үш жақты ынтымақтастықтың мысалы ретінде өсімдік шаруашылығын міндетті сақтандыруды келтіруге болады. Сыйлықақының 50% - ын, сәйкесінше сақтандыру өтемақысының да 50%-ын мемлекет төлейтін. Мал шаруашылығында ешқашан міндетті сақтандыру болған емес. Бүгін де сақтандыру нарығы бұл секторда бизнес үшін жағымды жақтарды көрмей отыр. Және ерікті түрде бір де бір сақтандырушы біле тұра өзін шығынға батырар қадамға бармайды.

Даурен Иманжановтың пікірінше, сақтандырушылар осы салада қызмет көрсетуге бел буып кірісуі үшін ашықтық және мүмкін болар шығындарды талдау қолжетімді. Ауыл шаруашылығы саласының өзі дамуды қажет етеді: ветеринарлық қадағалаудың жұмысын, жалпы фермерлікті ретке келтіру керек.

Мал шаруашылығын толық сақтандыруда жағдай жасалу үшін сақтандырушылар мен Қазақстан фермерлер одағының және өзге де мүдделілердің қатысуымен бір алаңда сақтандыру тәртібін талқылау және соны әзірлеу қажет.

Сақтандыру сенімге негізделген. Егер бәрі дұрыс және нақты жұмыс істеген болса, онда сақтандырушылар осы секторды сақтандыруға құлшыныс білдіруші еді. Ауыл шаруашылығы даму үстінде. Әлемдік стандарттарға сай қызмет көрсетуге әлі жете қоймағанымызды мойындауымыз керек. Осыған байланысты алаяқтық схемалардың ықтималдығы жоғары. Демек, сақтандырушылардың тәуекелдері арта түседі дегенді білдіреді.

Қазіргі таңда фермерлер осындай қауіпке жалғыз төтеп беруде. Жағдайды өзгерту үшін барлық тараптардың мүдделері ескерілетін ашық алаңда сындарлы диалог қажет.

 

 

 

Құрметті клиент!

Сақтандырушының есеп айырысу шотына төлем түскен күн немесе түскеннен кейiнгi келесi күн шарт жасасу күнi болып табылады. Сақтандырудың басталу күні – шарт жасасқаннан кейінгі күн болып табылады.
OK

Шарттың талаптарын өзгерту

Шарт талаптарын өзгерту немесе оны бұзу үшін жұмыс уақытында таңдалған кеңсеге келуіңізді сұраймыз. Өзіңізбен шарт талаптарын өзгерту құқығын растайтын құжаттарыңыз болуы керек.

Сұрауды өңдеуде қателік кетті

Нысанды кейінірек қайта жіберіп көріңіз. Барлық сұрақтар бойынша 2233 (ҚР барлық ұялы телефондары үшін) тегін қысқа нөміріне хабарласыңыз.
 

Сізге кодпен бірге SMS жіберілді.

Растау кодын енгізіңіз

Арқылы қайта жіберу 30 сек
Қайта жіберу

Сіз полистің ресімделуін растайсыз ба?

Барлық деректер құнның есебіне қосылғанын тексеріп шығыңыз, қосылмаған болса, артқа оралыңыз.

Есеп осы деректер бойынша жүргізіледі:

Жүргізушілер
Иван И
Авто
SUBARU FORESTER
2020

Полисті коммуналдық
қызметтермен бірге төлеңіз

200 теңге және 400 теңге тұратын мүлікті сақтандыру серіктестік бағдарламасы

ivc АЕО-ға өту