Алматы – Қазақстандағы ең сақтандырылған қала!

Алматы – Қазақстандағы ең сақтандырылған қала!

Алматы, Нұр-Сұлтан қалалары және Түркістан облысы міндетті сақтандыру бойынша сақтықтың қамын жасаған мекендер ретінде көш бастап тұр. ҚР Ұлттық Банк мәліметінше, ағымдағы жылдың басында өңірлердегі міндетті сақтандыру бойынша кіріс сомасы 22.2 млрд, 10.5 млрд және 8.8 млрд тенгеге жетті. Жылжымайтын мүлікті ерікті сақтандыру бойынша  Алматы қаласы  80 млрд теңгемен озық тұрса, Нұр-Сұлтан -11,8 млрд теңгемен екінші орында. 5,7 млрд теңгеге сақтанған Ақтөбе облысы үштікке еніп, Түркістанды артта қалдырды.

Арыста орын алған қайғылы жағдайдан кейін әлеуметте Түркістан облысының мүлікті ерікті сақтандыру деңгейіне деген қызығушылық артып отырғаны түсінікті. Ресми мәліметке сүйенсек, өңір тұрғындары өз мүлкін не бары 672 млн тенгеге сақтандырған. Ал 2.7 млн халқы бар аймақ үшін бұл өте аз көрсеткіш. «Номад Иншуранс» Басқарма төрағасы Дәурен Иманжановтың пікірінше, қазіргі кезде қаржы қауіпсіздігінің кепілі ретінде бірінші кезекте сақтандыру қызметін қарастыру абзал. Ол Facebook парақшасында бағасы 7-8 млн болатын жылжымайтын мүлікті сақтандыру құнын көрсеткен. Айтуынша, төлем жылына 7500 теңгені құрайды. Бұл сома Арыста орын алған техногендік апаттың шығынын өтеуде бірден –бір көмек болушы еді – дейді маман. Естеріңізде болса, 24 маусымда Арыс елді мекенінде орын алған жарылыстар салдарынан 70 үй толығымен қираған еді.

Расына келсек, қазақстандықтардың көпшілігі автосақтандыру қызметіне жүгінгенімен, мүлікті ерікті сақтандыру мүмкіндігінен хабарсыз. Батыс елдерінде сақтандырудың аталмыш түрі ежелден қолданылып келеді. Мысалы, су тасқыны мен дауылдан жиі зардап шегетін Солтүстік Америка халқы өз мүлкін міндетті түрде сақтандырады. Нәтижесінде, апат болған жағдайда қорғансыздың күйін кешпейді. Есесіне елдегі сақтандыру саласының осы сараланымына серпіліс беріп, жалпы экономиканың тамырына қан жүгіреді.

Жер сілкінісі мен су тасқыны қаупі жоғары аймақтар Қазақстанда да жоқ емес. Десе де елімізде жылжымайтын мүлікті ерікті түрде сақтандыратындар қатары кем де кем. Басты себеп - халықтың шығынның өтелуіне сенімсіздігі мен төлемдерді алудағы қыруар жұмыстардан қашу – дейді мамандар. Дегенмен бүгінгі таңда бұл жұмыстар біршама жеңілдегенін айтқан жөн. Еліміздегі сақтандыру компанияларының қызмет көрсету сапасы артып, жаңа еуропалық деңгейге қадам басқан. ҚР Ұлттық Банк мәліметіне сүйенсек, жыл басына дейін міндетті сақтандыру бойынша қайтарылған төлемдер сомасы 26.8 млрд теңгені, ерікті сақтандыру бойынша – 13.8 млрд теңгені құрап отыр.

Құрметті клиент!

Сақтандырушының есеп айырысу шотына төлем түскен күн немесе түскеннен кейiнгi келесi күн шарт жасасу күнi болып табылады. Сақтандырудың басталу күні – шарт жасасқаннан кейінгі күн болып табылады.
OK

Шарттың талаптарын өзгерту

Шарт талаптарын өзгерту немесе оны бұзу үшін жұмыс уақытында таңдалған кеңсеге келуіңізді сұраймыз. Өзіңізбен шарт талаптарын өзгерту құқығын растайтын құжаттарыңыз болуы керек.

Сұрауды өңдеуде қателік кетті

Нысанды кейінірек қайта жіберіп көріңіз. Барлық сұрақтар бойынша 2233 (ҚР барлық ұялы телефондары үшін) тегін қысқа нөміріне хабарласыңыз.
 

Сізге кодпен бірге SMS жіберілді.

Растау кодын енгізіңіз

Арқылы қайта жіберу 30 сек
Қайта жіберу

Сіз полистің ресімделуін растайсыз ба?

Барлық деректер құнның есебіне қосылғанын тексеріп шығыңыз, қосылмаған болса, артқа оралыңыз.

Есеп осы деректер бойынша жүргізіледі:

Жүргізушілер
Иван И
Авто
SUBARU FORESTER
2020

Полисті коммуналдық
қызметтермен бірге төлеңіз

200 теңге және 400 теңге тұратын мүлікті сақтандыру серіктестік бағдарламасы

ivc АЕО-ға өту