15.11.2019

ҚАРЖЫЛЫҚ САЛАМАТТЫҢ ҚҰПИЯСЫ

ҚАРЖЫЛЫҚ САЛАМАТТЫҢ ҚҰПИЯСЫ

Сақтандыру шаралары- посткеңестік аймақта ең бірінші қажеттіліктер қатарында болған емес. «Номад Иншуранс» сақтандыру компаниясының сарапшыларының ойынша, бұл жағдай халықтың қаржылық мәдениеті мен сауаттылығына өз кері әсерін тигізуде.

Financial Fountains ұйымының негізін салушы және CNBC цифрлық қаржылық кеңесшілер Кеңесінің мүшесі Лазетта Рейни Брэкстонның пікірінше, стрестің пайда болуына бірінші кезекте қаржыны басқарудағы білместік түрткі болады. Бүгінгі күні стресс – адам денсаулығына үлкен зақым келтіретін факторлардың бірі екені дәлелденген. Демек, бұл адамның жалпы саламатты өміріне әсер етуші.

CNBC келтірген мәліметте де, қаржыны дұрыс басқару мен қорғау - сенімді болашақ пен мықты денсаулықтың кепілі делінген.

CNBC Invest in You сарапшылары халықты қаржылай саламатты өмірге жетелейтін қадамдарды ұсынады.

Бірінші, төтенше жинақ қорының болуына үлкен назар аудару қажет. Қарапайым тілмен айтқанда, қамданған қапы қалмайды.

Зейнетақы депозиті де тұрақты болашақтың міндетті қағидасы деседі. Кейінгі кезекте тұрғын үйге қол жеткізу, оқуға қор жинау және өз денсаулығыңызға инвестиция қую тұр.

Сарапшылар бақуатты өміріңді жоспарлауда сақтандыруға ерекше мән беру керек дейді. Себебі, сақтандыру –кез келген жағдайда, түйінді мәселелерге кезіккенде қауіпсіздікті қамтамасыз етуші құрал.

Қаржылай сауығу әдістемесін жасаушылардың кеңестері келесі қадамдарды қамтиды:

·       Бюджетіңізді ұйымдастыру

Бұл - кіріс пен шығысты бақылау деген сөз. Осылайша сіз шығынды азайту мүмкіндігін анықтай аласыз. PNC Financial Services жүргізген сауалнамаға сәйкес, 36 мен 60 жас аралығындағы азаматтардың үштен бірі төтенше қор жинауға дағдыланбаған. Аталған зерттеулер АҚШ-та ұйымдастырылғанымен, бұл жағдай біздің елімізде де өзекті екені жасырын емес. Себебі кездейсоқ жағдай сіздің қаржылық жағдайыңызға әсер етіп, қарызға батыруы мүмкін. Сондықтан қандай да бір қауырт жағдай үшін ертерек қамдану абзал.

·       Төтенше жағдай қорының көлемі неге байланысты?

Мамандардың айтуынша, егер сіз бойдақ болсаңыз, үш айлық шығыныңызға тең сома жеткілікті болмақ. Әйтпесе, төтенше қорыңыз кем дегенде алты айлық шығыныңызға тең болуы қажет.

·       Зейнетке ақша жинаңыз.

Зерттеулер бойынша, егер сіз зейнетке қор жинауды 20 жасыңызда бастасаңыз, бір жылғы айлығыңыздан 10 - 15% пайызын бөліп отыру керек. Ал 45 жастан асқан болсаңыз, үнемдейтін қаржы мөлшері 35% пайызды құрайды.

·       Өз денсаулығыңызға инвестиция құю

Қазақстанда медициналық сақтандыру жүйесі толығымен енгілізе қойған жоқ. Оның артықшылықтары мен кемшіліктері туралы сөз қозғауға әлі ертерек. Дегенмен, әзірге сақтандырудың балама әдісі - ерікті медициналық сақтандыру қызметіне жүгінуге болады. Себебі, ауруханаға төлейтін бір шоттың өзі сіздің қаржылық жоспарыңызға қолайсыз әсер етуі мүмкін.

Қазіргі таңда сақтандыру қызметі ұсынатын өнімдер түрі өте көп. Тіпті бала жоспарлаудан бастап, өмір бойы қолдануға мүмкіндік бар. Тәуекеліңізді де сақтандыра аласыз: қаржылық, физикалық, мүліктік, тіпті келісімшартқа отыру кезіндегі тәуекелдер.

Ұлы тұлғалардың айтуынша, сақтандыру – табысты да тұрақты өмірдің кілті.

Уинстон Черчиль

Sir_Winston_Churchill_-_19086236948.jpg

«Мен «сақтандыру» сөзін әр үйдің қақпасына және әр адамның күнделігіне жазар едім, себебі мұндай болмашы құрбандық құрдымға кетіретін үлкен апаттан қорғайтынына сенімдімін. Біз адамның бақытын ғана емес, сондай-ақ отбасының асыраушысы апатқа ұшырау жағдайында бақыт кемесіндегі отбасының жарқын болашағынан айырылып қалу қаупінен сақтандыруға міндеттіміз...»

Джон Дэвисон Рокфеллер

131179829_Dzhon_Dyevison_Rokfeller.jpg

«Жарнамаға, қорғаныс пен сақтандыруға қаражат үнемдеуге болмайды. Сол кезде жұмысыңыз өрге басады.»

Роберт Кийосаки

Роберт_Кийосаки.jpg

«Сақтандыру – кез келген адамның өмірлік жоспарында өте маңызды құрал. Сақтандырудың кемшілігі - оны қажет кезде сатып алуға болмайтындығында. Қажеттілігін алдын-ала болжап, ешқашан қолданбауға үміттеніп сатып алу керексің.»


 

Құрметті клиент!

Сақтандырушының есеп айырысу шотына төлем түскен күн немесе түскеннен кейiнгi келесi күн шарт жасасу күнi болып табылады. Сақтандырудың басталу күні – шарт жасасқаннан кейінгі күн болып табылады.
OK

Шарттың талаптарын өзгерту

Шарт талаптарын өзгерту немесе оны бұзу үшін жұмыс уақытында таңдалған кеңсеге келуіңізді сұраймыз. Өзіңізбен шарт талаптарын өзгерту құқығын растайтын құжаттарыңыз болуы керек.

Сұрауды өңдеуде қателік кетті

Нысанды кейінірек қайта жіберіп көріңіз. Барлық сұрақтар бойынша 2233 (ҚР барлық ұялы телефондары үшін) тегін қысқа нөміріне хабарласыңыз.
 

Сізге кодпен бірге SMS жіберілді.

Растау кодын енгізіңіз

Арқылы қайта жіберу 30 сек
Қайта жіберу

Сіз полистің ресімделуін растайсыз ба?

Барлық деректер құнның есебіне қосылғанын тексеріп шығыңыз, қосылмаған болса, артқа оралыңыз.

Есеп осы деректер бойынша жүргізіледі:

Жүргізушілер
Иван И
Авто
SUBARU FORESTER
2020

Полисті коммуналдық
қызметтермен бірге төлеңіз

200 теңге және 400 теңге тұратын мүлікті сақтандыру серіктестік бағдарламасы

ivc АЕО-ға өту