01.11.2019

Қауіпі жоғары қайсысы?

Қауіпі жоғары қайсысы?

«Номад Иншуранс» сақтандыру компаниясының сарапшылары жарақат алу қаупі ең жоғары көлік құралын анықтады.

Статистика ұшақ - ең қауіпсіз дейді. Әйтсе де, адамдар ұшудан жүрексінеді. Себебі әуе апаты кезінде жолаушының аман қалу ықтималдығы төмен, сондай-ақ мұндай төтенше жағдай кезінде жолаушылар жаппай қаза табады. Әлемдік деңгейдегі телеалпауыттар да көрермендерге әуе апаттарын зерттейтін арнайы жобаларын паш етіп жатады. Бұл өз алдына әуе көлігіне деген қорқынышты күшейтеді. Дегенмен кез-келген қайғылы жағдайдан соң жүзеге асырылатын тергеу амалдары оқиғаның болашақта қайталанбауы үшін жасалатынын ескеру қажет. Әрбір апаттан соң ғалымдар халықаралық деңгейде ортақтаса, ұшақ басқарудағы тиімді де қауіпсіз жаңа алгоритмді еңгізеді. Әйтсе де, ешбір қағида адамдық фактор салдарынан болатын қауіптен қорғай алмайды. Сондықтан ұшқыштың қателік жіберу мүмкіндігін азайту үшін ұшақты басқаруда автопилот көмегіне жүгіну әдетке айналған. Қазіргі таңда ұшақтардың басым бөлігі бір емес, екі компьютерлік басқару құралымен жабдықталатынын біліп жүрген абзал.

Ұшақты жерден көтеру мен қондыру – ең күрделі сәттер екенін халықтың бірі білсе, білі білмейді. Әуе апаттарының басым бөлігі дәл осы сәттерде жиі болады. Бұл процесті автопилот арқылы жүзеге асыру ұтымды дейді сарапшылар. Себебі, автопилот үшін қажетті деңгейде жабдықталған әуежайда қалың тұман кезінде ұшақты көкке көтеріп, қондыру еш қиындық туғызбайды. Ал ұшқыштың басты міндеті – автопилот жұмысын қадағалап, біріншісінің істен шыққан жағдайында ұшақты басқаруды екінші жасанды интеллектіге беру жұмыстарын жүзеге асыру.

Avia.pro интернет порталы Массачусетс Технологиялық Университетінің мамандарымен бірлесе отырып, әуе апаты ықтималдығын есептейтін бағдарлама ойлап тапқан. Ол үшін кестеде әуе компаниясын, ұшақ моделі мен басқа да сипаттамаларды таңдау қажет. Нәтижесінде өз сапарыңыздың қауіпсіздігі туралы мәлімет аласыз.

Қазақстанда 2010 мен 2018 жылдар аралығында 25 ұшақ апатқа ұшыраған. Осының салдарынан 7 адам жарақат алып, 70 адам қаза тапқан. Бұл тізімде азаматтық ұшақтар жоқ екенін атап өткен жөн.

Самолет.jpg

Суда жүзуден қорқу – бүгіннің ең көп таралған фобиялары қатарында. Әдетте, жүзе алмайтындар судан, су кемесімен сапарға шығудан қорқады. Балалық шақтан есте қалған жағымсыз сәттер де қорқыныш себебі болуы мүмкін. Судағы апаттар жайлы фильмдер де адамның үрейін үдете түседі. Мысалы, әйгілі Титаник те өз заманындағы ең сенімді, қауіпсіз көлік болып есептелген. Алайда оның қайғылы тағдырымен күллі әлем таныс.

2010-2018 жылдар аралығында елімізде 157 кеме апаты тіркелген. Жарақат алғандар саны – 21, қаза тапқандар саны – 91.

Кораблик.jpg

Статистикаға сүйенсек, сидеродромофобтар, яғни теміржолдан, пойыздан қорқатын адамдар Қазақстанда сирек кездеседі екен. Дегенмен, бұл апат болу қаупін азайтпайды. 8 жыл ішінде елімізде 1132 теміржол апаты болған. 600-ден аса адам жарақаттанып, қаза тапқандар саны 588-ге жеткен.

Поезд.jpg

Әйтсе де, ешбір көлік қауіпі жағынан автокөлікпен теңесе алмайды. «Номад Иншуранс» СҚ сарапшыларының мәліметтері бойынша, сақтандыру нарығында 2015 пен 2018 жылдар аралығында 289 516 жол-көлік оқиғасы тіркелген. Осының салдарынан 90145 адам әртүрлі деңгейдегі жарақат алса, 9022-сі қаза тапқан.

Маишнка.jpg

Қозғалыс – тіршілік көзі. Дегенмен ешбір көлік жолаушының қауіпсіздігіне кепілдік бере алмайды. Бұл жолда тек өзіңнің сақтығыңды алдын-ала ойлауға кеңес береміз. Әрине, адамдар қауіп-қатерлерін сақтандыруға, әсіресе саяхат алдында сақтандыруға үйреніп келеді. Десек те, бұған мән беретінден саны әлі де жеткіліксіз. Роберт Кийосаки айтқандай, сақтандырудың бір кемшілігі – оны қажет кезде сатып ала алмайсың. Саған қажет болу мүмкіндігін болжап, ешқашан қажеттілігі тумауына үміттеніп, сатып алу абзал.

Құрметті клиент!

Сақтандырушының есеп айырысу шотына төлем түскен күн немесе түскеннен кейiнгi келесi күн шарт жасасу күнi болып табылады. Сақтандырудың басталу күні – шарт жасасқаннан кейінгі күн болып табылады.
OK

Шарттың талаптарын өзгерту

Шарт талаптарын өзгерту немесе оны бұзу үшін жұмыс уақытында таңдалған кеңсеге келуіңізді сұраймыз. Өзіңізбен шарт талаптарын өзгерту құқығын растайтын құжаттарыңыз болуы керек.

Сұрауды өңдеуде қателік кетті

Нысанды кейінірек қайта жіберіп көріңіз. Барлық сұрақтар бойынша 2233 (ҚР барлық ұялы телефондары үшін) тегін қысқа нөміріне хабарласыңыз.
 

Сізге кодпен бірге SMS жіберілді.

Растау кодын енгізіңіз

Арқылы қайта жіберу 30 сек
Қайта жіберу

Сіз полистің ресімделуін растайсыз ба?

Барлық деректер құнның есебіне қосылғанын тексеріп шығыңыз, қосылмаған болса, артқа оралыңыз.

Есеп осы деректер бойынша жүргізіледі:

Жүргізушілер
Иван И
Авто
SUBARU FORESTER
2020

Полисті коммуналдық
қызметтермен бірге төлеңіз

200 теңге және 400 теңге тұратын мүлікті сақтандыру серіктестік бағдарламасы

ivc АЕО-ға өту