КАСКО ON-LINE САТЫЛЫМДА

КАСКО ON-LINE САТЫЛЫМДА

Қазақстанда онлайн-сақтандыру мен электронды полистің енгізілгеніне бір жылдан асты. Сатылымның жаңа каналының қабілеті жаппай қолданыстағы - автокөлік иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру өнімі арқылы тексерілді. Сақтандырудың бұл өнімі бойынша 12 ай ішінде елімізде 10 314 514 шарт жасасқан. Оның 9 035 083-і жеке тұлғалармен. Нәтижесінде сақтандырушылар 508,5 млрд теңге кіріс көрген.

Сақтандыру саласын заман талабына сай дамытуға басты назар аудару қажеттігі ҚР қаржы нарығын реттеу және дамыту Агенттігі мен сақтандыру компанияларының топ-менеджерлері арасында өткен кездесуде айтылды. Реттеуді жақсарту, сақтандыру қызметтерінің тұтынушыларының құқықтарын қорғау, онлайн-сақтандыру қызметін жетілдіру – алғышарттар қатарында.

Вижуал-3.jpg

«Номад Иншуранс» СК» АҚ-ның Басқарма Төрағасы Дәурен Иманжановтың айтуынша, алдыңғы қатарлы технологиялар сақтандыру саласының ажырамас бөлігіне айналуда. Бүгінде сайтқа кіріп, КАСКО-ның құнын есептеп қана қоймай, сатып алуға болады. Көп ұзамай, сақтандыру төлемін алу әрекеттерін мобильді қосымша арқылы жүзеге асыратын боламыз. Нәтижесінде, қағаз түріндегі сақтандыру полистері өзектілігін жояды.

«Номад Иншуранс» СК» АҚ сақтандыру технологиялары тұрғысында тың үрдіске барып, жаңашылдыққа қадам жасағандардың бірегейі болды. Компания нарықта ерікті автосақтандыруды онлайн сатып алу тетіктерін ұсынғандардың алғашқысы.

Вижуал-2.jpg

Үйреншікті КАСКО полисін рәсімдеу офиске баруды, кезекте тұрып, көлік құралын тексеруден өткізуді талап етеді. «КАСКО-Трансформер» туралы айтатын болсақ, Компанияның сайтында полисті онлайн төлем жасап, таңдаған тәуекелдеріңізден небәрі 3-5 минут ішінде сақтандыруға болады. Қорғаныстың толық пакетін таңдаған жағдайда Компанияның өкілі клиент таңдаған уақыт пен мекенжайға келіп, көліктің ерекшеліктерін тіркеп, темір тұлпарыңызды суретке түсіреді.

Жаңа өнімнің аты көп нәрсені аңғартады. Клиент өзіне қажетті тәуекелдерді таңдап, соған қарай полис бағасын есептеп, төлем жасау арқылы қашықтықтан сақтандырыла алады.

Құны 5 млн теңге болатын автокөлік үшін КАСКО-Трансформердің есебінен мысал келтірсек. Полистің толық пакеті көлік құнының 2,4% -ын құрайды. Тәуекелдердің санын азайтып, ең өзектілерін қалдырсақ, полис бағасы көліктің 1,8 %-ына тең болмақ.

Вижуал-4.jpg

Ескерту: жоғарыда келтірілген есеп тек осы модель мен жүргізушіге қатысты.

Себебі бағаға бірнеше фактор әсер етеді. Автокөліктің моделі мен жасы, жүргізушінің білктілігінің өлшемі – класс та полис құнын жасақтаушы. Сіздің көлік үшін КАСКО бағасы қанша болатынын сілтеме арқылы көруге болады.

Әлемнің белді сақтандыру мамандырының пікірінше, аталмыш салада жетістікке жету үшін технология көмегіне жүгініп, жаңаша бизнес-моделдерге көшкен абзал. Бұл ретте, Номад Иншуранс онлайн-қызметтерді дамытуға қатысты нақты қадамдар жасап отыр. Компания басшылғы «заман талабына сай, бүгінгі нарыққа жылдам бейімделе білу – сақтандыру нарығындағы көшбасшылықтың кепілі» деп біледі.