02.09.2020

МІНДЕТТІ САҚТАНДЫРУ БОЛСА КАСКО ҚАЖЕТ ПЕ?

Соңғы 8 айда жол апатынан зардап шеккен көлік иелеріне сақтандыру нарығы 16 миллиардтан астам теңге төледі. Бұл сома былтырғы жылмен салыстырғанда 700 миллион теңгеге кем. Сақтандыру шарты жол-көлік оқиғасында келтірілген залалды өтеуді қамтамасыз етіп отыр. Демек, мемлекеттің міндеттеген сақтандыруы кейбір жол-көлік оқиғасына қатысушыларға көмек көрсетсе, ЖКО-на кінәлі болғандар өзінің көліктерін өз ақшасына қалпына келтіруге мәжбүр болған. Осылайша міндетті сақтандыру полисі жауапты және білікті жүргізушілерді қорғайды. Десе де мұның да бірнеше нюанстары бар. Бұл көбінде үш жылдан аспайтын автомобиль немесе премиум-көлектің жүргізушілеріне қатысты ерекшеліктер.

1_1.jpg

Сақтандыру төлемі заңды түрде шектелген және максималды сомасы 600 АЕК құрайды. Қазіргі таңда теңгеге шақсақ бұл — 1 666 800 тг. «НОМАД Иншуранс» СҚ Басқарма Төрағасы Дәурен Иманжановтың айтуынша, егер шетел валютасының қазіргі бағамын ескеретін болсақ, бұл шектеу сомасы автокөлікті толық қалпына келтіруге жеткіліксіз болып қалуы мүмкін. Нәтижесінде, қалған соманыкінәлі тараптан өндіріп алу үшін азаматтық тәртіпте сотқа беру керек болады.

«Компания сарапшыларының пікірінше, апаттан зардап шеккен 3 жасқа дейінгі әр 10-шы автомобиль иесіне міндетті сақтандыру полисі бойынша төленген сақтандыру өтемақысы жеткіліксіз. Осылайша, сақтандыру жағдайы туындаған жағдайда қымбат және жаңа машиналардың иелері осындай жағымсыз тосынсыйға тап болады», — дейді Дәурен Иманжанов.

 3_1.jpg

Сарапшылардың айтуынша, 3-тен 7 жасқа дейінгі әрбір 15-ші және 10 жастан асқан әрбір 50-ші көлік иесі қосымша қаржылық өтемақыға мұқтаж.

Ендеше тәуекелдерден қорғап және азаматтық істердің қаралуына кететін уақытты жоғалтпай, жүйкеңізді сақтау үшін не істеуге болады?

Сақтандырушылар мұндайдан аулақ болу үшін КАСКО ерікті сақтандыру қызметін таңдауды ұсынады. Бұл сақтандыру төлемін алуды жеңілдетіп, көлігіңізді толығымен қалпына келтіруге мүмкіндік береді. Бұл төлемдерді сақтандыру компаниясы толығымен өз мойнына алады. Демек, шектеу де жоқ.

Бүгінде еліміздің сақтандыру нарығында мұндай қызметті 20 компания ұсынады. Nur.kz сайты қазақстандықтар үшін КАСКО кешенді сақтандыру полисін қай жерде сатып алған тиімдірек екенін анықтап көрді. Порталдың хабарлауынша, ең қымбат КАСКО-ны «Еуразия» СК ұсынады (389 мың теңге), ең тиімдісі «НОМАД Иншуранста» — жылына шамамен 215 мың теңгені құрайды.

2_1.jpg

КАСКО ерікті көлік сақтандыруы жол-көлік оқиғаларынан басқа да тәуекелдерді қамтиды. Мысалы, көлекке бөгде зат құлап зақым келсе немесе химиялық заттардың немесе жоғары температураның кесірінен темір тұлпарыңызға зиян тисе де өтемақы қарастырылады. КАСКО кешенді сақтандыру бағдарламасы табиғи апаттардан, өрттен, автокөлік бөлшектерінің бұзылу-ұрлануынан, автокөлікті ұрлаудан және басқа да күтпеген жағдайлардан сақтайды.

Құрметті клиент!

Сақтандырушының есеп айырысу шотына төлем түскен күн немесе түскеннен кейiнгi келесi күн шарт жасасу күнi болып табылады. Сақтандырудың басталу күні – шарт жасасқаннан кейінгі күн болып табылады.
OK

Шарттың талаптарын өзгерту

Шарт талаптарын өзгерту немесе оны бұзу үшін жұмыс уақытында таңдалған кеңсеге келуіңізді сұраймыз. Өзіңізбен шарт талаптарын өзгерту құқығын растайтын құжаттарыңыз болуы керек.

Сұрауды өңдеуде қателік кетті

Нысанды кейінірек қайта жіберіп көріңіз. Барлық сұрақтар бойынша 2233 (ҚР барлық ұялы телефондары үшін) тегін қысқа нөміріне хабарласыңыз.
 

Сізге кодпен бірге SMS жіберілді.

Растау кодын енгізіңіз

Арқылы қайта жіберу 30 сек
Қайта жіберу

Сіз полистің ресімделуін растайсыз ба?

Барлық деректер құнның есебіне қосылғанын тексеріп шығыңыз, қосылмаған болса, артқа оралыңыз.

Есеп осы деректер бойынша жүргізіледі:

Жүргізушілер
Иван И
Авто
SUBARU FORESTER
2020

Полисті коммуналдық
қызметтермен бірге төлеңіз

200 теңге және 400 теңге тұратын мүлікті сақтандыру серіктестік бағдарламасы

ivc АЕО-ға өту