11.10.2021

Нұр-Сұлтан қаласында студент смартфон арқылы табыс таба бастады

Нұр-Сұлтан қаласында студент смартфон арқылы табыс таба бастады

Алғашқы махаббат, көңілді кештер, жатақханада өмірдің романтикасы... Сонымен қатар ақшаның жетіспеушілігі, оқу конспектін жазуға кеткен ұйқысыз түндер мен жүйке қыдықтататын мұғалімдер. Біз қазіргі студенттердің де ақшадан қысылмайтынына күмәніміз бар. Себебі қазіргі таңда бағалардың өзі өсіп кеткен, жалдамалы пәтерлердің де құны қымбаттап кеткен. Сондықтан студенттер әлі күнге дейін жылдам пісірілетін дайын ас өнімдерін жеп, тек қоғамдық көлікте жүреді және официант, тиегіш, курьер ретінде қосымша ақша табады. Алайда мұндай қосымша жұмыстар студенттің оқуына үлкен кедергі жасайтыны айдан анық. Дегенмен, жан-жақтағы міндеттемелердің кесірінен жыртылмай өмір сүрудің жолы бар және бүгінгі мақалада қалай өміріңізді жеңілдетуге болатынын айтып береміз.

Ердос Байтанаев Елордалық ЕҰУ университетінің екінші курс студенті. Ол грантта оқиды және ата-анасын шығындатпай, артына жүк салмауға тырысып жүр. Шәкіртақы айлық тамақ пен өзге шығындармен лезде-ақ бітеді.

«Бірінші курста оқуыма аздап үйреніп, мен қосымша жұмыс іздей бастадым. Көп ұзамай бір дүкенге сатушы болып жұмысқа орналастым, бірақ оқуым ақсап кеткендіктен жұмысты тастауға тура келді. Біраз уақыт жұмыссыз жүрдім, үнемі қарызға батып жүрдім, содан кейін сыныптасым сақтандыруды сатуға болатынын айтты», - деп бөлісті жігіт.

Алғашында ол бұл ойға күмәнмен қарады, себебі ол тіпті сақтандырудың не екенін және оны қалай сатуға болатынын білмеді. Бірақ сонда да тырысып көруге бел буды: «Мен Nomad Agent қосымшасын жүктедім, жаттығулар туралы бейнероликтерді қарап, маған бәрібір ауыр міндеттер жүктемегендіктен, бірнеше полистерді сатуға бекіндім, ең болмағанда, туыстарыма сатып көрейінші деп шештім», - деді ол.

Ердос агент ретінде онлайн-тіркеу кезеңінде-ақ күмәнданғанын мойындады. Алайда бұл пирамида емес пе, алаяқтық па екен, жоқ па деген күмәндарын алғашқы табысы сирейтіп жіберді.

«Негізі барлығы да өте жеңіл болып шықты. Мен өтініш бердім, ал біраз уақыттан кейін өтінішім қабылданды. Ол бірнеше менің таныстарыма мен арқылы сақтандыруды ұсынған еді, олар келісіп, келесі күні мен жақсы жалақы алдым. Тіпті кейбір қарыздарымнан да құтылдым. Содан кейін бұл ақша табудың ең қолайлы мүмкіндігі екеніне көз жеткізіп, одан да көп тырыса бастадым», - деді Ердос.

Ол мұндай жұмыс студенттер үшін өте қолайлы екенін айтты, себебі бұл бір өзіндік дедлайнсыз фриланс десек те болады. Күнде кеңсеге барып, 8 сағат бойы сонда отырудың қажеті жоқ және үнемі демалыс күндерін күтіп жүрмейсің.

«Менде кішкене жұмыс тәжірибесі бар: бір-екі рет сүрініп, тез үйреніп алдым. Бірақ мен жаңа буынның адамымын, және қандай форматта жұмыс істейтінің тек өзіңе байланысты, ал бастық алдында жүрегім дауаламайды, көңілімнен шықты. Әрине, мен достарыма Nomad Agent туралы айтқан едім, бірақ кейін өкініпиқалдым, өйткені олар маған бәсекелестік тудырады ғой болашақта», - деп күлді жігіт.

Дегенмен, Ердос барлығының да таныстары өздеріне жеткілікті екеніне сенімді, ең бастысы, кішкене күш салу керек. Ол коммуникациялық қабілетін дамытуды жоспарлап отыр, кейін тек ата-анасының мойнынан жүк түсірмей, оларға сыйлықтар да алып бергісі келеді.

Онда, балбыраған албырт жасқа сәттілік тілейік!

Құрметті клиент!

Сақтандырушының есеп айырысу шотына төлем түскен күн немесе түскеннен кейiнгi келесi күн шарт жасасу күнi болып табылады. Сақтандырудың басталу күні – шарт жасасқаннан кейінгі күн болып табылады.
OK

Шарттың талаптарын өзгерту

Шарт талаптарын өзгерту немесе оны бұзу үшін жұмыс уақытында таңдалған кеңсеге келуіңізді сұраймыз. Өзіңізбен шарт талаптарын өзгерту құқығын растайтын құжаттарыңыз болуы керек.

Сұрауды өңдеуде қателік кетті

Нысанды кейінірек қайта жіберіп көріңіз. Барлық сұрақтар бойынша 2233 (ҚР барлық ұялы телефондары үшін) тегін қысқа нөміріне хабарласыңыз.
 

Сізге кодпен бірге SMS жіберілді.

Растау кодын енгізіңіз

Арқылы қайта жіберу 30 сек
Қайта жіберу

Сіз полистің ресімделуін растайсыз ба?

Барлық деректер құнның есебіне қосылғанын тексеріп шығыңыз, қосылмаған болса, артқа оралыңыз.

Есеп осы деректер бойынша жүргізіледі:

Жүргізушілер
Иван И
Авто
SUBARU FORESTER
2020

Полисті коммуналдық
қызметтермен бірге төлеңіз

200 теңге және 400 теңге тұратын мүлікті сақтандыру серіктестік бағдарламасы

ivc АЕО-ға өту